"Қазақ хандығына 550 жыл": Той туралы ой

/uploads/thumbnail/20170708165952107_small.jpg
Қ. Жұмабаев, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени  және табиғи қорық мұражайының ақпарат жетекшісі:       «Ұлтымыздың ұлылығы дәріптеледі»    Қазақ хандығының 550 жылдығын өткізу әрбір қазақ ұлтына тарихтың көне сырын білу үшін қажет. Ұлтымыздың ұлылығын дәріптеп, өткенімізге үңіліп, қазақ тарихына тың деректер енгізу үшін ауадай қажет.       Ата-бабаларымыздың  «Тәуелсіздік» үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен ел мен жерін қорғағаны қазақтың хандығы арқылы көрсетіледі.                    Сондықтан Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын өткізуді құптаймын.    Шілдебаева Жазира Мейрамбекқызы,  Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайының қызметкері:   «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»          «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын тойлау» туралы пікір Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын тойлау басталып  кетті, осы тақырыпқа орай көптеген іс-шаралар облыс, аудан көлемінде  жүргізіліп жатыр. «Қазақ» деген ресми атты иеленгеніміз 550 жыл бұрын құрылған хандық кезеңі емес пе. Сондықтан бұл тарихи датаны атаусыз қалдырсақ, елдігімізге сын болар еді.          Президенттіміздің  «Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу туралы» сөзі бәріміздің көңілімізден шықты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші осы мерейтойды абыроймен атқарып шығайық.

Қатысты Мақалалар