Оралман... Осы сөз Сіздерге қайдам, менің құлағыма түрпідей тиеді. - Елім, жерім, - деп, келген қандастың кеудесінен итергендей әсер етеді. Жә, орысша білмейді, "оқымаған оралман" - дегенді жиі - жиі естиміз... Иттің боғы дәрі болса, дарияның ар жағына барып тышады, - дегендей, әлемдік тілдер арасында статусы жоқ орыс тілін білмеді дегеніміз елдігімізге сын емес пе?!!! Шет елден оралған "оқымаған оралмандар" Қытай, ағылшын, франсуз, испан, фар
сы, мұңғыл, өзбек тілдерін жете меңгергеніне талай көз жеткізген едім... Тіпті, Гуанжоу, Гонконг қалаларында өзіме тәржіман болып, көмектескен де еді. Швейцарияда тұратын қандасымыз жеті тілде сөйлесе, Данияда тұратын қандасымыз Хажы Аюби он тілде еркін сөйлейді және әлемдегі ең беделді компания қаржыгер - сарапшы (Финансовый эксперт) болып істейді. Канада тұратын қандасымыз да бес - алты тілде сөйлейтінін өздеріңіз Фейсбуктен оқып жүрсіздер... Сонда қалай, отыз жыл орыстың осырығын иіскеп жүрген шенеуніктер өз тілін білмегені былай тұрсын, алыстағы ағайынды "оқымаған оралман" деуі - сол адамдардың "білімділігінің" және нигилист пен маргиналдың "жоғарғы" сорты екенінің көрінісі емес пе, Достар!!!(Советқазы Нұрсиланың фейсбуктегі парақшасынан)