Бүгін Елордасы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық Өнер университетінде профессор, мемлекеттік сыйлықтың лауреанты, жазушы-драматург Әкім Тарази студент жастармен кездесті. Кездесу – театр сыншысы марқұм Әшірбек Сығайдың төл шәкірттері Мирас Әбіл, Нұрислам Әбділдер жүргізетін «Ес-Аймақ» студенттердің мәдени-танымдық пікірталас бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Аталмыш кездесуде әсерлі әңгіме, әсем әуен, кермек-жұпарлы күй, риясыз пікір алмасу болды. Өмірден озған ғажайып жазушы-драматургтер жайында да есті естеліктерді жастардың жадында жаңғыртты. Әкім Тарази бүгінгі драматургияның кемшім тұстарын да тілге тиек етті. Ол бір сөзінде: «Қазіргі актерлерге көңілім толмайды. Сөздері дұрыс, бәрі «правилный», бірақ театрдан шыққан соң есіңде ештеңе қалмайды»,-дейді. Және де студентер: «Театр сыншысы Әшірбек Төребайұлынан кейін театр сыншысы деп кімді айтар едіңіз?», - деп қойған сақ сауалға Әкім аға: Мен шығармашылық адамымын, драматургпын. Мен Әшірбектей жаза алмаймын. Ал, Әшірбектің өресіне жетеқабыл театр сыншысы бізде жоққа тән!, - деп қынжылды. Басқа да өнер саласындағы санада жаңғырып жүрген сауалдарына жастар қауымы өз деңгейінде жауап алды. Кеш соңында жазушыға шығармашылық шабыт тілеген жастар, көтеріңкі көңіл күймен қимай қоштасыты.
Қамшыгер Бақытбек Астана қаласы