кі күнге созылған шағымды қарау процесі Алматының әскери сотында өтті. Ақпанның 6-сы күні Алматы әскери сотының судьясы Бақытжан Қараманов Талдықорған әскери гарнизоны сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды. Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов апелляциялық сот үстінде судья Бақытжан Қарамановқа 20-дан астам өтініш түсіргенін, бірақ судьяның 20 өтінішін қабылдамағанын айтып, қарсылық (отвод) білдірді. Ол судьяның өтінішті қабылдамау кезінде "жеткілікті дәлел келтірмегеніне" нұсқады. Бірақ бұл қарсылық білдіру әрекетін қарастырған судья Ғани Есжанов "өз әріптесінің өтініштерді қарамай тасауға мүдделі емес екенін" ескертіп, отводты қабылдамай қойды, - деді. Естеріңізге сала кетейік, екі күн бұрын, 5 ақпанда Арқанкергендегі оқиға орнынан хаттаманы толтыру барысында қате жіберілгенін басшылыққа ала отырып, Челах қорғаушысы Сәрсенов сот үкімін аппеляцияға берген болатын. Алайда еш нәтиже шықпады.
Пікір қалдыру