Білем, әлі жүз жылап, жүз күлермін, Үміт кешіп, жүз мәрте үздігермін. Өмірімде өткінші сан адасып Небір ойды санамнан сүзгілермін. Білем, әлі жүз жылап, жүз күлермін, Іркітіне айналман ізгілердің. Жылтыр қоғам күлдірер біз білер мың Ақиқаты жылатар біздің елдің. Бір қарасаң дүние кең секілді, Бәрі жақұт, бәрі де жөн секілді. Есіл елім еркіндік тойын тойлап Терезесі талаймен тең секілді. Ақ қағазға басылған нүктедей боп Жалғыз ғана ақымақ мен секілді. Бір қарасам шыр қоғам бастан кешкен, Қотыр түйе секілді қашқан көштен. Жоғарғы жақ жайпай жеп, пай-пай дескен Төменгі жақ айқай көп, астаң-кестең. Мазалаған ұрын ой есімді алды, Деліқұл теңселген десім қалды. Шын-өтірік күрескен күнде мынау Біреулерге өмірлік өшім қалды. Досымыздан қаптаған қасымыз көп, Мақтанамыз тарихтың басымыз деп. Ал ендеше ерлікпен күресейік Бабамыздың жоғалған басын іздеп. Сақтан қалған тектілік көне сарқыт, жет бүгінге керексің еле шарпып. Тек біз үшін қаптаған көсемдерден Хан Кененің басы жоқ денесі артық. Зерек бөлсең деніңді деректі ізге еркек қайсы елім дер ерек бізде Дөңбастарды тәубеге келтіретін Исатайлар бүгінде керек бізге. Армандаған айдынға жүз батармыз, Сайқалдардың сазайын сыздатармыз. Бүгін олар, ал ертең біз күлерміз Бүгін тоңсаң бізде ертең мұздатармыз. Өзімшілмін, соныма өкпелімін, сөніп бара жатқандай ептеп үнім. Бірақ батыр ұлдарды тудырармыз Егер болсақ ұрпағы Көк Бөрінің!
ЭллегияАқ көбік шайнаған, Ақ-желмен ойнаған, жылқының кісінегені Кеңдікке құштар кіл, Ендікке тұспал бір түндерде түсіме енеді. Сәйгүлік жырымды Жанымды-сырымды, әттең-ай, адамдар емес мөп-мөлдір көздері Тек сол бір кездері арғымақтар ғана түсінер еді. Мұқатып -кекетіп, Кекетіп-мұқатып, сыртыңнан мазақтаса да Наданды қара!-деп, Қараны надан-деп жоңқалап, азаптаса да Тұлпарым секілді жырым да кекілді, сен шаңғытқан шабандоз көрсең Бабасы тақымдап, Баласы тоқымдап ат мінген алып бір-қазаққа сана! Жалын жел тараған Еріме жараған айғырлар түсіме енеді Түсіме енеді Ішіме енеді олардың кісінегені Сайқыға мазақ боп Мазаққа қайқы боп жүргенім осы бір күні Тұлпар да, мінез де... Сыртым сау... мұң езбе әттең-ай ішім өлі еді... Өткенге сағыныш, Ақ құсым алып ұш тұлпарсыз тарылды дала Қаптаған көліктер Көлікте өліктер мүжиді жанымды жара Жылқының тер иісі Көң қатқан жер иісі қамшының табы иісі қолыма сіңген Еміс бір еске кеп қалғанда кесте боп өкініш соқтырар санымды ғана...
Менің паспортымЖеңіме жамау түскенін Жарлылық сенен көремін. Жағама қолдың тигенін Жалғыздық сенен көремін Талабыма жеткізсең Кемшілікті бұл көрген Күніңде байқап көремін! Ақтамберді Сарыұлы Өмірге келдім жалпы боп Өлеңге келдім жалқы боп, Кәрілер ақсап ақылдан, Жасымнан кірдім тақлы көп Жауқызын жырым жас талдай Жасынмын десем жасқанбай Жақсының аты аспандай Жаманның өзі бос қандай?! Ақтан жырауым дегендей Өлеңге тұлпар көгендей Қамбаның жемін жегендей Тобыңды жарып мен келдім Инеден үлкен тебендей Бетеген жалды бектердің Даладай дарқан текті елдің Арманына жаралған Сарқыншағы боп келдім Теңізге тамған тамшыдай Тобылғы сапты қамшыдай Мен туған күні зарлапты Запыран жұтқан сан шығай Жеңіңе жамау салдырмай Жағаңды жауға алдырмай Елім деп туып, ел үшін Атымның басын шалдырмай Қызмет етсем деп келдім! Өмірдің қылын шерткен мұң Өлеңге ғана серт бердім!
Нұргелді Әбдіғаниұлы УсбановЖас ақын, журналист, "Өмірге өлең әкеле берем" жыр жинағының авторы. Бірнеше Халықаралық және Республикалық жыр мүшәйраларының дипломанты. Қазақстан Жазушылар одағы мен DA платформасының арнайы М.Мақатаев сыйлығының иегері. Халықаралық "М.Жұмабаев" әдеби бірлестігінің мүшесі. Республикалық "Арқас алуы" әдеби бірлестігінің мүшесі.