Бөрі ене

/uploads/thumbnail/20170708170450421_small.jpg
Бөрі ене (толғау) Тарихтың сөгілді ме көбесі, Қара орманның қайда тегі осы? Көк түрікті көк бөрісі емізген, Дейді халқым жер осы. Айналайын аруақты бөрі ене, Көк арланның нілі сіңген денеге. Қиял жетпес қияметке ұмсынып, Бауырыңа сыйғызбаған тіршілік. Мейіріңе мезгіл мынау көне ме? Шаңды жорық жолдарында туылып, Ақ әлемнің сәулесіне жуынып, Арша ағашы ақ бесікке бөлеуде, Тәңірімнен суырдың ау зеребе!. Сенен біткен тектілік пен мықтылық, Ғасырлардың ғаламатын жұқтырып. Әділдіктің аспанға атып тымағын, Кесірлердің кері бұрап құлағын, Әзәзілді ақиқатқа жықтырып. Қанымызға қарып басып шойын жол, Ізгілікке санамызды жүктіғып. Көшпенділер бесігінде тербелген, Баһадүрлі ел болыппыз сендермен!. Алтай, Атырау өр қыстаған аймағым, Бөрілі менің бөрі ене көз байрағым. Басыма балқып байлықпен құрған сайраным, Отына шалқып, ақ деген әмірі орданың. Қараша күліп қара қос толы жан жағым, Керейдей кеніш, Жәнібектейін оғланым, Қазақтай қалың жинаған қара орманын. Көк түріктердің көшкен бір қаны кеудемде, Қаңбақтай ғұмыр ауыр ау кейде жерден де. Ғазал ғасырлар буазып сұмдық шерлерге, Опырып белін ұлысымның да көргенде. Жайраңдай жортып бөренемнің тұл киесі, Қаңырығы түтеп қаңсыған мезгіл шөлдерде, Алаш ұлдары жан берген сан мың сөнбеуге. Арам қолын салып шөмшек шырпыңа, Нар қонысқа нарлар шөккен жұртыңа. Маймөңкелеп кей ғасырлар жылжыды, Майғатып кеше қайдағылардың мұртына. Жабы мініп жарғақ бастар тепеңдеп, Көлдерімде бөтен құс кеп мекендеп. Біреулер жүр рухым ұлы өсем деп, Біреу жүрді құлқын үшін өшем деп. Күн домалап көкжиекке құласа, Жүгірді кей жайнамаздан тұра сап. Бара жатқан қапияда домалап, Махамбеттердің қазез басы екен деп. Абылайымның айбаты жүр тықсырып, Аязға айналып арқада мынау ысқырып. Қара орманның қайыры кетіп қалжырап, Қасірет пенен қан кене кеше қанжылап. Кінәмшілдікпен тәңіріңе тым қыста ғып, Бөбектерге бір қиялыменен түшкіріп, Кесіліп қанат басқадан ия ұшты үміт. Біреудің соры біреулерге алды бақ, Саналарды шалған соң түрлі үскірік. Айналып кетпей қабынып қайбір безбеңке, Қиялшыл ғасыр ұялады екен кей кезде. Алласы қолдап, әруақ жебеп көп жерде, Сығалап рух сырқаттарымды емдеуге. Ғазал ғаламда ашады екен ғой тынысты, Құбылатынын қызықтап кейбір көргеуде. Тұқымы қалған ұлыған ұлы арлан үн, Не жетсін шіркін шүйбөрілер ергенге. Түңіліп бірде, мың ұлып жеткен бейбіт күн, Қасиетіңді бөрене сенің енді ұқтым. Аманатыңды қиямет күнге жеткізер, Қара ормандарың жол тапты бойлық ендіктен. Мына бір күнді көрмегенде арман көргенде, Рахмет айтқын ұлы әруақтар сендерде. Алтын әріпті тарихын тігіп зер жіппен, Үміттен шықты ұрпақтарың да сен күткен, Жол тапты баба бойлықтан мына ендіктен!.   Нұрлы жол Ақындық Алла берген дипломым Жаңылтпа жаратушым өтінемін Абайы алғы күннің жол бастаған Тілектес бір әлемнің көшіне ердің Тағдырым тарту еткен өз кезегім Қайнары бақытымның елде медің Тәуелсіз таңның жұтып таза ауасын Саяңда сәнді ағаштан тербелемін Қабысып қаусырма жақ қияқ тілім Күніңе жыр жазбаған сұрақшымын Еңселі ел бүгіннің жырлағанша Тектентек нан жедің деп ұяттымын Қуанам жұрт үзілмес елдігімнен Дос доныр болу еркім енді кіммен? Ақталды аға буын қан мен тері Тас амал тарих бұзған «желді күнмен» Әр үйге тірлік гүлдеп, жаққан шамнан Нұр емді несібелі ел атқан таңнан Жаратқан жалпы әлемге нысап сыйлап Жараңдар қабыл болсын айтқан тәубәң. Көңілдің көркі қанып, көлемі көк Шабытпен, салтанатпен, келем үдеп Ұлтымды ұлы таудан биік көріп Сүйемін теңізден де тереңірек. Сұр құсы бақыт құсы сынап баулы Кезбеді қай ғасырда бұл аспанды Перінің ойынындай орын тауып, Аялдап ақ мекенге тұрақтанды. Мезгілден ән екшедік күй ескеріп, Тіледік тіршілікті жүрек болып, Сыйындық сыбаға алдық тәңірімнен Бірігіп біте қайнап, білек болып. Өмірді менменсінбей дүрбаралы Құнсыз құнын білмес құр қалады Мәңгілік ел мәйекті тілім гүлдеп, Біздің ел болашаққа сырғанады. Ай аунап арқар асып, күн күледі Ғаламның жаңалығы тірлігі еді Күдіктен барымызды арылты алға Елімнің екшеп алған «Нұрлы жолы» Ой қортып, заманымнан сезім сауып, Келеді көк бөрілі көңіл шауып, Тұғырлы ел тұғалы тіл сенің арқаң Сөйлеу де ақиқаттың көзін тауып.   Топырақ ана О туған жер, қиял жетпейтін құзар шыңдарға қыран саңғырған, Қаңырығы түтеп сары жал жондардан сумаң қаңғырған. Тарлан тарихымның талай додасына түскен бағы заманнан, Қуыс қурайларыма да бір ән салдырған. Құт мекен! Абыз ата желдеріңде мынау тектен текке еспейді, Аңыз атандарымның да белін опырған сол заман естен кетпейді. Сұмдық атаулының куәсі болып калғандай, Ат тұяғымен қыршылған бұта дүзгендерім екпеттеп көктейді. Көгеріп көк белдің көшебелері, Әбілқаят суынан нәр алып көптеген аршалар өсе береді. Көшпенділердің көлігін, қан кенелердің өлімін адалдап, Тарғыл қырқаларға таралған тәтті бетегелерім. Қоңыр дүниенің қоламтасын көсеуден көбі қорғалап, Тек көк жал көктемдерде көк өзендерім долданат. Көк бөрілердің көз жасы тамған ұлы дала ма, Ай да сен жыладың ба?, ақ сәулелерің сорғалап. Ақ айғыр жылдар, ақ мамық тірлік гүлдеген бе еді?, Асан бабамыз Жерұйық іздеп жүрген кездері. Қайғы көштерді жоңғардан, тұлпардың басын құмдардан, Көңілім неге іздей береді? Замандар өтіпті-ау боз інгендердің ботасын бөліп боздатқан, Алтын құрсақты аналарым-ай түйе қомында толғатқан. Қорқыт бабам да қойныңа сыймай қобызы оны құшақтап, Аяқталмаған дала күйінің құдіретіне тоймастан. Бекзада күннің ұйқысын алған тағдырлар тағы бармеді?, Қаңтардай суық, қарағай сынып заман-ай неткен зарлы еді. Бөрілі таулар, бөрілі байрақ ұсынып ұлы бабама, Құт мекенімде күшіктеген-ау ғасырлардың да айбозы. Тарихым менің ақ молалар мен кесенелерде, Шерілі ғасырлар шеруін жалғап көше береді. Аңыз әпсаналардың ақиқаты айдындана түсіп, Арнау алғаулар аруақтарыма жете береді. Топырақ ана толғаттың талай ойран да, жайраң ғұмырды, Қанды көштерден қалған бір мола белгі боп жол да шұбырды. Қабылдан тарап, Әбілге мадақ айттырған мына жалғанда, Кіндік жұрт болып кірпияз кілең бақытым сенен бұйырды. Аманатым деп салауатымды айтайын ардан тыныстап, Бүйректі бұрып қыздырар қанды қасиетіңді кім ұқпақ. Ұлан даламның ұлы мейірі жатқанда жасыл ту ұстап, Арландарымды алаш ұрпағы өсе берейік ұлықтап! Untitled

Байғозы Серік – 1971 жылы қазанның 26 туған. Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Тайбай ауылының тұрғыны. Шығармашылық жолын 1980 жылдардың аяғынан бастап, көптеген жетістіктерге жетуде. Ақмола облысының, Ерейментау ауданында аудандық, облыстық мүшайраларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, шығармалылықтарын газет, журналдарда үзбей жариаланып келеді.

demeu2

Қатысты Мақалалар