Егер билікке ұлтшылдар келетін болса, қазақстандық орыстар "аяқтарымен дауыс беретін болады". Украина дағдарысынан кейін Ресейлік және Қазақстандық сарапшылар "Қырым эпопеясы" Қазақстанда да қайталануы мүмкін деген пікірде. Егер Ресей қазақ жеріне ауыз салатын болса, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы орыс, славян бірлестіктері алдыңғылардың бірі болып бүлік шығаруы мүмкін.
Мысалы, Республикалық "ЛАД" славян қозғалысының өкілі Максим Крамаренконың мына бір сұхбатының мазмұнын ұсынбақпыз.
- Қазіргі таңдағы Қазақстан аумағындағы славян және орыс бірлестіктерінің нақты санын айта алмаймын. Бірақ, 100-дің үстенде екені рас. Олар Республика көлемінде ұйымдастырылатын шарадарға белсенді қатысып тұрады. Сонымен қатар, мәдени-танымдық, ағартушылық қызметтер атқарады. Соның ішінде, орыс мәдениетін, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын насихаттау, орыс тілін дәріптеу. Ұрпақ санасына сіңірумен қатар, орыс азаматтарының құқықтарын қорғау, орыс тілді тұрғындардың этно-мәдение құндылықтарын сақтау және т.б. жұмыстармен айналысуда. Қазақстанда ірілі-ұсақты 86 қала, қоысша шағын қалашықтар бар болса, сол жерлердің барлығында орыс тілді азаматтар тұрады. Солардың жеке инициативасымен құрылған біздің орталықтар жұмыс істеуде. Бұл құрамға қазақстандық "казак" диаспорасы да қосылады.
- Сіз орыстілділердің құқығын қорғаймыз дедіңіз. Сонда Қазақстанда орыстілді азаматтарға қысым көрсетіліп, қандайда бір шектеулер қойылған ба?
- Мен орыс тілділер мен орыс-славян ұлты өкілдерінің этно-мәдени құқықтарын айтып отырмын. Мысалы, көпшілік ортадағы орыс тілінің екінші планға өтуі. Орыс тілді азаматтардың қазақ тілін түсінбегендіктен туындайтын қиындықтар т.б. Біз мәселені шешуі үшін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Халқы Ассамблиеясымен бірлесіп шешуіге тырысамыз. Мысалы, 2011 жылы біздің ұйымға көптеген арыздар келіп түсті. Солардың басым көпшілігі мемлекеттік мекемелерде тегіс "қазақ тілі" тілінде сөйлесіп, орыс тілі шеттетілген еді. Біз арыздарды алып, ҚХА-сына бардық, бірлескен комиссия құрып, істі Бас Прокуратураға жібердік. Көп ұзамай мәселе де шешілді. 2012 жылдан бастап мемлекеттік мекемелерде бұрынғыдай орыс тілі өркен жая бастады. Сол 2011 жылы ҚР Конституциясының "тіл" туралы бөліміндеге Мемлекеттік мекемелердегі ресми тіл-Орыс тілі деген тармақты алып тастау керек деген бастама да көтерілді. Біз "ЛАД" қозғалысы бұған қарсылық білдірдік. Осыдан кейін Қазақстанның ұлтшыл-патриоттары өре-түрегеліп, дәл осы анонимді заң жобасын қолдап, орыс тілін мемлекеттік статусынан айыруды көздеген еді. Тіпті, 180 кісінің қолы қойылған хатты Парламентке жібермек болған. Бірақ, арада екі күн өтпей жатып, қол қоюшылар өздерінің қол қоймағандығын айтты. Жалғыз ғана ұстанымынан айырылмаған - Айдос Сарым еді. Біздің арқамызда бұл хат парламенттің құлағына жетпеді.
Сіздер қаржыны қайдан аласыздар?
- Негізгі қаржы көзі бірлестікке мүше кісілердің жарнасынан алынады. Орыс кәсіпкерлері мен қалталы азаматтардан. Сондай-ақ, Ресейлік әріптестерден бөлінеді.
Енді, саяси тақырыпқа ауысайық. Қазақ қоғамы әзірге тыныш. Ешбір топтар арасында жік-жікке бөлінушілік болған жоқ. Мен бірлестік жетекшісі ретінде Қазақстанның әр аймақтарын аралаймын. Қазақ және орыс азаматтарымен көзбе-көз кездесіп, сөйлесемін. Негізінен Украина дағдарысына байланысты қазақстандықтардың басым бөлігі Ресейді жақтаап отыр. Тіпті, қазақтар "Біз Қырымды қайтардық!"-дейді. Бұл қазақстандықтардың көзқарасы. Сондықтан, Ресейдің қазақ топырағына көз алартуы қисынға келмейді. Бұл әдейі бір топтардың таратып отырған дақпырты. Себебі, біз Қазақстандағы Орыс бірлестіктері Ресйе тарапынан қаржыландырылып отырмыз. Сол сияқты, Ресейдегі Қазақ бірлестіктері де Қазақстан тарапынан қаржыландырылып отырған жоқ па?! Сондықтан, Қазақстандағы Ресей бірлестіктері елдің тыныштығын бұзып, берекесін алады. Қазақстанның территориясын бөлшектеп, Ресейеге қосылуды қолдайды деу мүлдем күлкілі.