Дөңгелек үстелдiң басты мақсаты – ҚР Қылмыстық кодексiнiң жаңа редакциясындағы өлiм жазасы және оның баламасын қолдану стретегиясын талдау. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қылмыстық кодекстiң жаңа редакциясында өлiм жазасына кесу баптары көбеюде. Бұл халықаралық мiндеттемелерге және ҚР Президентiнің 2009 жылғы 24-шi тамызында қабылданған Жарлығымен бекiтiлген құқықтық саяси тұжырымдамаға қайшы келедi, сондықтан Кодекстiң жаңа редакциясында өлiм жазасын қолдануды азайту мақсатында сарапшылар диалогы қажет. «Соңғы жарты ғасырдың iшiнде бүкiл әлемде өлiм жазасын жою және оны қолдануды қысқарту үдерiсi байқалып отыр. Бүгiнгi күнi өлiм жазасы тек 5 елде сақталып отыр. Олар: Қытай, Иран, Пәкiстан, Сауд Арабиясы мен АҚШ. Бұл елдерде өлiм жазасына кесу көрсеткiшi 93%-ды құрайды. Қалған ретте өлiм жазасы болғанымен iс жүзiнде жүзеге асырылмайды. Қазақстан да әлемде қалыптасқан жағдайдан сырт қалмай, 2003 жылдың желтоқсанынан бастап өлiм жазасына мараторий жариялаған. 10 жылға жуық уақыттан бері жазаның бұл түрi елiмiзде қолданылмайды. Мемлекет басшысы кезең-кезеңiмен өлiм жазасының санын қысқартып, оны жоюға қатысты нақты тапсырма берген болатын. Осыған орай, жаңа Қылмыстық кодексте жазаның бұл түрiнiң қолдануына қатысты мәселелердiң барлығын нақты көрсетуiмiз қажет», - дедi жиынды ашқан Мәжiлiс депутаты Рахмет Мұқашев. Аталмыш шараға ҚР Парламентi депутаттары, мемлекеттiк органдар басшылары, үкiметтiк емес ұйымдар, тәуелсiз сарапшылар және халықаралық ұйымдардың өкiлдерi қатысты. Өлiм жазасын қолдануға мараторий енгiзiлгенге дейiн өлiм жазасын кесу туралы 536 үкiм жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы бойынша 2003 жылдан бастап өлiм жазасын қолдануға мараторий енгiзiлдi. Сол уақыттан бастап өлiм жазасын кесу туралы ешқандай үкiм жүзеге асырылған жоқ. Бүгiнгі таңда Қазақстанда 100-ге жуық азамат өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеуде.
Пікір қалдыру