Алматыда баспаналы болудың қандай жолдары бар?

/uploads/thumbnail/20180828233022585_small.jpg

Алматыда «Нұр Отан» партия филиалының баспасөз орталығында мамандар Алматыда қалай пәтер алуға болатыны жөнінде айтты.

«Алдыңғы жылдармен салыстырғанда бүгін қазақстандықтарға  баспаналы болуға  бірнеше мүмкіндік бар. «Нұрлы жер» жəне «Алматы жастары» секілді ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда. 7-20-25 бағдарламасының іске асырылуы бұл тұрғыда үлкен серпін береді»,- деді «Нұр Отан»  партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров. 

Мамандар баспаналы болудың тиімді жолдарына тоқтала кетті.

Шараға қатысқан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, қазіргі таңда жинақтау жүйесі бойынша «Алматы жастары» бағдарламасы, «Нұрлы жер», «Өз үйім» бағдарламасы бойынша баспана алуға болады. Алайда, банктің қоятын бірқатар шарты бар.

«Алматы жастары» бойынша клиенттің (отбасы болса, екеуінің де) жасы 35-ке толмауы керек. Әрі Алматыда тұрғылықты мекенжайға 1 жыл тіркеуде болуы тиіс. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша клиенттің 3 жылдық тұрғылықты мекенжайы болуы шарт. Сонымен қатар, адамның атында соңғы 5 жылда баспана тіркелмеген болуы тиіс. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғылықты мекенжай болуы шарт емес. Пайыздық мөлшерлеме 8,5%-дан 7%-ға түсті», - деді Ләззат Ибрагимова.

Қатысты Мақалалар