Алматы тұрғындары 2019 жылы жөндеуді қажет ететін көшелерді айта алады

/uploads/thumbnail/20180828234822767_small.jpg

Қала тұрғындары 2019 жылы жөндеуді қажет ететін көшелерді атап, ұсыныс бере алады.

Өтініштер биылғы қыркүйек айына дейін қабылданады. Жөндеу бойынша ұсыныстарды zhol.almaty@a-a.kzарнайы сайтына «Жолға жөндеу жұмыстары қажет» немесе «Тротуар керек» белгісімен жіберуге болады.

Алматыда соңғы үш жыл ішінде жалпы ұзындығы 500 шақырымды құрайтын 524 көше жөндеуден өтті.

Биыл қала бойынша орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 155 шақырымды құрайтын 157 көшеде жүргізілді.

«Көше-жол желілерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігерлерге 3 жыл берілетінін айта кету керек. Осы уақыт аралығында ұйым өз қаражатына кез келген ақаулар мен кемшіліктерді қайта қалпына келтіруі тиіс. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен тротуарлар мен арықтарды жөндеуге көп көңіл бөлінді», - деді Тимур Базарбаев.

Сондай-ақ, жаңа үш көлік айырықтарын салу, бірнеше көшелерді қайта құру және автобустық дәліздерді жасау бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұдан бөлек, көпірлер кеңейтіліп жатыр.

Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы 123 көшедегі жол-көлік жұмыстарын аяқтады. 25 тамызға дейін қаланың қалған 34 көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталады.

Сондай-ақ, Тимур Базарбаев Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы 800 шақырымдай инженерлік желілерді қайта жөндегенін және салғанын мәлім етті.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2016 жылы орташа жөндеу аясында 196 көшедегі 140 шақырым жол жабынын жаңартты. Қазіргі таңда барлық магистральдық көшелерде және жергілікті жолдардың 80%-ында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаяу жүргіншілер үшін ұзындығы 30,5 шақырым тротуар жасалды. 

Қатысты Мақалалар