Сайрам ауданындағы мешіт имамы 12 жастағы қызды зорламақ болған...
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданындағы имам 12 жастағы қызды зорламақ болғандығын, емінсектік жасағанын мойындады. Бұл туралы Сайрам ауданынының ІІБ берген мәліметке сүйеніп «Интерфакс-Казахстан» хабарлайды. «Қайнарбұлақ» елді-мекенінің 26 жастағы имамы өз кінәсін мойындап, оған өкінетіндігін жеткізген. Аудандық ІІБ-ның хабарлауынша, ол үйленген және бір баланың әкесі. Бірақ, екеуі әзірге бөлек тұрады екен. Қазір имамның бұл әрекетіне байланысты 14 жасқа толмаған қызды зорламақ болғаны үшін қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл оқиға бейсенбі күні болған. Елді-мекен тұрғыны полицияға шағымданып, 12 жастағы қызын зорламақ болғанын айтқан.
Пікір қалдыру