Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлікке байланысты ұстанымы бұрыннан да белгілі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының көп тілді меңгеріп, толерантты, білімге құштар, тәуелсіз ұлт болғанын қалайды. Бұл еліміздің 1995 жылы қабылданған конституциясында және мемлекеттік, үкіметтік деңгейіндегі әр түрлі бағдарламаларда және құжаттарда бар. Қазақстан президентінің жыл сайынғы Жолдауында да бұл әр кез айтылып жүр.
Қазақстанда мемлекеттік тіл мәселесін шешіп, тілдерді дамыту мен қолданудың аясын кеңейту үшін 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Ол бірнеше масатты көздейді. Оның бірі – мемлекеттік тілді тек күнделікті қолданатын тіл ретінде ғана емес, ғылым тіліне аудару. Ол үшін әлемдегі үздік ғылыми оқулықтарды, кітаптарды, мақалаларды қазақ тіліне аударып, қазақ қоғамына таныстыру, ғылыми терминдерді қолданысқа енгізу. Ол үшін арнайы комиссия да құрылды. Олар өз жұмысын жемісті жүргізіп келеді.
Қазақстанның мемлекеттік тілі әлі ғылым, технологияның негізгі тілі болып толық қалыптасып келеді. Тілдің ғылымда қолдану аясы кеңейіп келе жатқандықтан, әр түрлі терминдер енді қолданысқа ене бастады. Мемлекеттік тілдің қолданылуы барынша кеңіп, толық ғылым, ілімнің тілі болып келеді. Қажетті терминдер жүйеленіп жатыр. Үкімет жанындағы елдік терминология комиссиясы секілді елдік ұйымдардың көбісіне өкілеттілік берілген еді. Комиссия ғалымдармен ақылдасып, терминдерді бір жолға жүйелеуде.
Елбасы қазақ тілінде сөйлеудің маңызды екенін жиі айтады. Шынын айту керек, елімізде бірыңғай ұлт қалыптасып келеді. Үкімет халықты интеграциялаудың шығар тәсілі ретінде біледі, яғни үш тілді бірдей үйрену деп біледі.
Республикалық Kazbilim орталығының директоры Аятжан Ахметжанның жуырда келтірген мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда қазақ тілді мектептердің білім сапасы жақсарған.
- Осыдан екі жыл бұрын ҰБТ-дан 125 балл алған 19 түлектің барлығы қазақ тілді сыныбында оқығандар. Қазақстан бойынша жақсы нәтижеге қолжеткізген 10 мектептің 8-і қазақ тілді мектеп ордалары. Біреуі – орыс мектебі болса, енді бірі аралас мектеп. Былтыр 139 балл жинаған Тасан Саят есімді қазақ мектебінің бітірушісі, бір жыл бұрын жоғары нәтиже – қазақ мектептеріне тиесілі. 2013-2015 жылдары ұлттық бірыңғай тест нәтижесі тұрғысынан қарасақ та, рейтингті байқасақ та қазақ тілді білім ошақтары алда. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша оқушылардың 80 пайыздан астамы қазақ тілді сыныпта оқыса, 16 пайызы дерлік оқушы орыс мектебінде, ал басқа тілдерде оқитын оқушылардың пайыздық көрсеткіші 1 пайызға жетпейді. Былтыр 1-ші классқа барып, мектеп табалдырығын аттағандардың 89 пайызы қазақ сыныбын таңдаған. Қалған 10 пайызы орыс мектебінің табалдырығын аттаған. Яғни, тарихымыз алға жылжып келеді. Тарихты өзгерту ешбір адамның қолынан келмейтіні ақиқат. Мемлекеттік тілдің мерейі үстем болған сайын, қазақ халқының да мерейі үстем болады. Ана тіліміз заңда ғана емес, күнделікті өмірімізде, қаржы саласында, қолданыста, жүр. Еліміздегі ЖОО-дағы гранттар осыдан төрт жыл бұрын – жарты пайыздан астамы қазақ тобында, ал 35-і – орыс тілді топта оқып жатыр. Осыдан 2, 3 жыл бұрын қазақ топтарының 75 пайызы қазақ тобында оқитын, ал 25 пайызы – орыс тобында оқыды. Былтыр жоғары білім беретін оқу ордаларында білім алу үшін 92 827 түлек ниет еткен, 92 827 түлектің 67 627-і (76,3%) қазақ тілінде және 20 968 –і (23,6%) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Осы мәліметтерден байқайтынымыз бойынша жоғары оқу орнындағы орыс топтары көп ұзамай жабылып қалатынына көз жеткізіп отырмыз. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстанның жоғары білім беретін оқу орындарында орыс топтарын ағылшын тілді топтары алмастырып жатыр, – дейді Аятжан Ахметжан.
Шынымен де жылда мектепті қазақ сыныбында бітіріп жатқандардың саны да артып келеді. 2018 жылы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтiнiш жасаған түлектердің саны – 102442, бұл мектеп бiтiрушiлердің 70 пайызы. Тестті мектеп оқушыларының 75 пайызы қазақ тiлiнде тапсырса, қалған 25 пайызы орыс тiлiнде тапсыруды қалаған. Яғни, демографиялық дүмпуді болып жатқанын осы жәйттардан-ақ білуге болады.
Жақында журналист Өміржан Әбдіхалықұлы да тілге байланысты өзінің Facebook парақшасында өз ойын айтқан болатын.
«Осыдан 9 жыл бұрынғы санақ бойынша қазақстандықтардың 62 пайызы қазақ тілінде еш қиналмастан оқимыз, жазамыз» десе, «елдің 84,8 пайызы орыс тілін жақсы білеміз» деген. 2009 жылдан бері қазақстандықтардың саны, оның арасында мемлекет құрушы ұлт – қазақтың саны өсіп келеді. Саны жылдан жылға өсіп келеді", – деп жазды Өміржан мырза.
Тіл мәселесінің жылдан жылға шешімін тауып, мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейіп келе жатқандығы - Қазақстанда қабылданып жатқан түрлі бағдарламалардың әсері екенін жасырмау қажет. Тілдерді дамут мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Мұндай жағдайда қазақ тілінің мерейі үстем болады деп толық сеніммен айта аламыз. Оны Жер бетінен жойылып кетеді деп қорыққандар қорқынышын басса болады. Мәселен, жуырда ЮНЕСКО дүниежүзілік ұйымы жойылудың алдында тұрған тілердің картасын жасап шығарды. Жердегі 6000 тілдің 2,5 мыңы түрлі себептерге байланыста Жер планетасынан мүлде, мәңгілікке жойылып кетудің алдында тұр. Жойылудың алдында тұрған тілдердің 136-сы көрші Ресейдегі аз ұлттардың ана тілдері. Оның арасында дүниежүзілік ұлттардың саны орыс ұлтынан кейін көшбасшы үштікке кірсе де, екінші орынды татар тілі алады екен жойылып кету қаупі жоғары тілдердің арасында. Дүниежүзі халқының жүзден сексен пайызы санына сай 80 тілде сөйлесе, қалған 3,5 мың ұлттың 0,2 пайызы ғана сөйлейді екен. Жер планетасындағы тілдердің 96 процент халықтың 3 қана пайызы, 97 проценті әлемде бар жалпы барлық тілдердің 4 пайызын қолданады екен. Осы 97 пайыздың тілі мәңгілікке жоғалып кету қаупі бр тілдердің қатарында, яғни жергілікті ұлттардың тілі. Жер планетасындағы жойылғалы тұрған тілдермен қатар жердегі ұлттардың да тоқсан жеті проценті жойылатындығы адамзат үшін орны ойсырап қалатын гуманитарлық апат болып тұрғанын мейлінше түсінуіміз керек. Енді бір кездескен мәліметтерге сәйкес, әлемдегі түрлі ұлттардың ана тілі, адамдар сөйлеп жүрген тілдердің тек 5 проценті ғана қалып, қалғаны жойылады деген күмән да жоқ емес, себебі сондай болжам бар. Осы секілді мәліметтерге назар аударсақ, жылда 25 тіл жер бетінен жойылып кетеді екен, ал ХХI ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басына дейін дүниежүзі тілдерінің 80 пайызы жоғалып кетеді екен.
Ал ана тіліміз қазақ тілінің жойылуына ешқандай себеп жоқ. Сол себепті қорқа беруге болмайды. Оның ешқандай қажеті жоқ. Бұл жерде мәселе мынада болып тұр. Ең бірінші қазақ халқының санасы тәуелсіз болуы, рухани тұрғысынан жаңғырғаны. Ол әлеумет, өнер, мәдениет, ұлттық идеология, экономика, тілдік саясатта керемет көрініс табуы. Демографиялық дүмпу мен санасындағы рухани жаңғыру арқылы ғана қазақ халқын әлемдік қауіптен құтқаруға болады. Адамды біршама ойландыратын мәселе бар. «Демография мәселесін қарастыратын болсақ, сана сезіміз, ана тіліміз тұғырына қонады» деген сөздің жаны бар. Қазақ тілі өз тұғырына көтерілген сайын тілдің мерейі үстем бола береді және заңдық, құқықтық мәдени сана сезіміміз жоғарылағанның үстіне жоғарылай береді.
«Мемлекет президенті барлық жерде қазақша сөйлемесе, болмайды» деген еді. Кейбірінің айтатынын жақсы білемін. Қазақстанда 100 ұлт пен ұлыс бар, олар Елбасының айтқанын түсінбесе қалай болады? Сол себепті екі есе көп еңбек ететін адаммын. Орыс тілінде де, қазақ тілінде де. Ресей Федерациясының президенті тек өз тілінде, ағылшынша да, түрікше де емес, өз ана тілінде сөйлейді, мен амалсыз екі тілде сөйлеп отырған адаммын. Мұндай жағдай әрқашан солай бола бермейді, қазіргі кездің өзінде қазақтардың саны 70 пайызға жетіп қалды. Мен айтқанымдай, 2025 жылға дейін дайындаған, қазақтың тілін бүкіл салаға енгізу үшін еңбек етеміз. Өз арамызда, Қазақстанда, мемлекеттік басқару органдары және өзге салаларда барлығы өз ана тілімізде жүргізіледі, Алла бұйыртса. Дегенмен асығыстық жасауға болмайды. Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық, бір-біріне деген сенімнің болуы, осының барлығының құқығын қамтамасыз етілуі, дін, діл, өнер, мәдениет, тіл тұрғысынан ешбір адам шектелмейді. Әр адам өз білгенімен, өз мәдениетімен және өз ана тілімен өмір сүргені абзал. Бұл қалыпты жағдай, – деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзінен кейін артық сөз қоса алмайсың. Расымен де Қазақстанда тәуелсіздік жылдарынан бері мемлекеттік тілдің мерейі үстем болу үшін көптеген іс атқарылды, атқарылып та келеді. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының жемісі, керемет нәтижесі соған дәлел.