Астанада «Аманат» интелектуалды пікірсайыс клубында «Жаңа ақпараттақ саясат» тақырыбында кезекті отырыс өтті. Оған ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев, «Хабар агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Айдос Үкібаев, «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин, белгілі журналист Дәурен Қуат және басқа да БАҚ өкілдері қатысты. Онда Мемлекеттік хатшы Марат Тажиннің төрағалығымен өткен ақпараттық саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі кеңесінде көтерілген проблемалар кеңінен талқыға түсті. Сондай-ақ, қазақ тілді интернет саласына қатысты тың тезистер мен креативті бастамаларды жүзеге асырудың түрлі жолдары мен бағыт-бағдарлары жайында өрбіген әңгіме өте тартысты өтті. - Ақпарттық технология қарышты дамыған бүгінгідей заманда, қазақ журналистерінің жаңа саясатқа жедел бейімделу жолдарын талдап, таразылауды жөн көрдік, - дейді клуб жетекшісі Берік Уәли өз сөзінде. Baq.kz
Пікір қалдыру