«Форумға 16 елдің өкілдері шақырылған. Ресей, Украина, Жапония, Нидерланды, Түркия, Швейцария, Австрия, Бельгия, Польша және тағы да басқа бірқатар елдердің дегегаттары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев жиынға қатысады деп жоспарланған. Форум Қызылорда қаласында ғана емес, Байқоңырда да ұйымдастырылады. Алғашқы күні пленарлық отырыстар, ал екінші күні дегегаттар Байқоңырда болып, экскурсия жасайды, туристік саланы дамыту мәселелерін талқылайды. «Еуропалық даму және қайта құру банкі, Еуразиялық даму банкі, «Самұрық- Қазына» АҚ сияқты институттар форумда бас қосады. Бизнес өкілдері, министрліктер мен шетелдік инвесторлар пікір алмасады. Біздің облыс шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудыра алатын бірнеше жобаларды ұсынуға дайын. Аймақта көптеген пайдалы қазбалар бар. Сондықтан, өңдеу, қайта өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы мен басқа да салаларға инвестиция мен жаңа технологиялар тартудың маңызы зор»,− деді басқарма бастығы.
Пікір қалдыру