Ғалымға сенсек, Шыңғыс ханның тегі түркі тайпалардан таралады. Қият, керейіт, найман, меркіттер моңғолдың емес, түркі тектес жұрттың тайпалары болып шықты. Олардың Қытай аумағын мекендегенімен, тілдері қазаққа тиесілі. Белинский: «Шыңғыс ханның тірі кезінде қазақ тілі мен ұйғыр тілі империяның ана тілі болған деседі. Шыңғыс ханның әкесі Есугей Қияттарға әмір берген, ал анасы Оян болса меркіттің қызы. Ал ханның ардақтысы Бөрте де қонырат руынан шыққан. Шыңғыстың ұлдары түгелдей дерлік түркі тектес есіммен аталған. Тіпті Шыңғыс сөзі қазақ тіліне аударғанда нұрлы деген мағынаны береді. Моңғол халқында бұрын мұндай есімдер кездеспеген. Сондай-ақ, талай тарландарымызға ажар болған "хан" сөзі де түркі жұртына тән»,− дейді. Анығында, Шыңғыс ханның қазақ екендігін орыстардың мойындағысы жоқ. Себебі, бұл мәліметтер бір кезеңде қазақтың орыстарға үстемдік жүргізгендігін дәлелдейді, және өздерінің қазаққа салық төлеп тұрғандығы әшкереленіп қала ма деп қорқады. Сөйтіп, тарихқа шегініс жасағысы келмейтін екі алып ел − Қытай мен Ресейге Қазақстан әлі жалтақтауда. «Шыңғыс ханды қазақ деп танитын уақыт келді», − дейді зерттеуші.
Байжан Емберді «Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру