"Нұрлы Жол" өз нәтижесін берді

/uploads/thumbnail/20181113122138001_small.jpg

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыдан сегіз жыл бұрын сәуірдің 6-шы жұлдызында Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы № 1030 Жарлығымен бекітілді. 

Оның мақсат, мүддесі – Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді экономикалық табысын, өнімін, өсімін арттыру үшін жағдай жасау, тиімді инфрақұрылымды қалыптастыру, Қазақстанның макро өңірлерін ықпалдастыру арқылы экономикалық нарықты қалыптастыру мен қатар сыртқы нарық экономикалық жағдайдың нашарлауы жеке салаларға демеу беру арқылы экономикалық дағдарысты болдырмауға бағытталған іс-шараларды қолдауды білдіреді.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы №1030 Жарлығына қол қойғанда бірнеше міндеттерді алға қойды. Оларды атап өтер болсақ.

  1. «Шұғыла» қағидаты арқылы нәтижелі көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
  2. Индустриялық, сонымен қатар туристік инфрақұрылымды жетілдіру;
  3. Біркелкі электр энергетикасы саласына дамыту инфрақұрылымды нығайту;
  4. Бірыңғай электр жүйесін жетілдіру аясында энергетика инфрақұрылымын бекіту;
  5. Қазақстан Республикасы халқын баспанамен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылым, қыс мезгілінде жылу, сумен қамтамасыз ету, суды бұру тетіктерін жақсарту (реконструкциялау және салу);
  6. Қазақстан Республикасы халқының баспана алу мүмкіндігін арттыру, яғни орташа жалақы алатын азаматтардың да баспана ала алуын қамтамасыз ету;
  7. Білім беру, оқу саласындағы жетіспейтін тетіктердің орнын толтыру, инфрақұрылымды жетілдіру;
  8. Бизнесте, оның ішінде кәсіпкерлікте бәсекелестікті арттыру.
  9. Отандық өнімді дамыту, оның ішінде машина жасауды дамыту және демеу;
  10. Экспортқа айрықша көңіл бөлу. Экспортқа қолдау білдіру;
  11. Аграрлық өнеркәсіптік кешен нысандарын бәсекеге қабілетті ету;
  12. «Бизнестің жол картасы - 2020» жобаларын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
  13. Зертханалық базаларды жетілдіру арқылы өнімдер саласының қауіпсіздігін  нығайту;
  14. Болжамды қорды бағалауды Қазақстан Республикасы шекарасында зерделенгендігін қолға алу.
  15. Болжамды қорды бағалаумен Қазақстан шекарасының зерделенгенін қамтамасыз ету.

 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін тек нақты тапсырма ғана беріліп қана қоймай, оның жүзеге асу уақыты белгіленіп қойған, яғни қай жылда қандай көрсеткішке ие болуымыз қажет екені нақты көрсетілген. Мәселен, 2019 жылы Қазақстандағы жалпы ішкі өнім көрсеткішін соңғы бес жылмен салыстырғанда 15,7%-ға өсіру;

2019 жылы әлемдік форум рейтингісінде негізгі инфрақұрылымның сапасын 57орынға жоғарылату.

Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2014 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Қазақстан Республикасындағы макроөңірлерінің барлығын бір жерге түйістіру және хаб қағидасы бойынша біркелкі нарықты бекітуге бағытталған жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға негізделіп отыр.

Ең негізгі бағдарлама Қазақстан Республкасындағы экономикалық өсімге барынша жағдай тудыру. Кәсіпкерлік, бизнес пен Қазақстан Республикасындағы транзиттік жағдайын жақсарту. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы дүниежүзі бойынша және Қазақстан Республикасы аумағындағы экономикалық дағдарысқа қарсы тұру, экономикалық мәселелерді шешу.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар