Лондон және Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Азиада жеңімпазы Әділбек Ниязымбетов рингтегі карьерасын аяқтағанын мәлім етті. Бұл жаңалыққа қатысты ұлттық құрама команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов өз ойын айтты.
"Әділбек әр спортшының маңдайына бұйыра бермейтін жеңістерге қол жеткізді. Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатының финалына тек мықтылар шығады. Сондықтан отандық бокс алдында сіңірген еңбегі орасан", - дейді Мырзағали Айтжанов.
Әділбек Ниязымбетов бокстан ұлттық құрама команданың капитаны болып, бұл міндетті де абыроймен атқарды. ҚР біріншілігі аяқталған соң бапкерлер кеңесі құрама сапында өнер көрсететін боксшылармен бірге жаңа капитанды да бекітпек.
Пікір қалдыру