"Маңғыстаумұнайгаздың" тізгіні енді қытайлық Лю Цзиньчэнде

    Әсел Болатқызы
    "Маңғыстаумұнайгаздың" тізгіні енді қытайлық Лю Цзиньчэнде

    «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының бас директоры болып Лю Цзиньчэн тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтының дерегін негізге алып. Ақтау қаласындағы ірі мұнай-газ компаниясының басшылығы ауысты. Бас директор қызметіне бұрынғы бас директордың бірінші орынбасары болған Лю Цзиньчэн келді.

    2008-2014 жылдар аралығында Лю Цзиньчэн «CNPC – Ай Дан Мұнай АҚ-тың президенті болып қызмет атқарған.

    2014-2018 жылдар аралығында «Buzachi Operating Ltd»  компаниясында бас директор болған.

    «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ  - қазақстандық мұнай-газ компаниясы. Штаб-пәтері Ақтау қаласында орналасқан аталмыш компания еліміздегі ірі компаниялардың бестігіне кіреді.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025