Донецк Республикасы "Ресей" емес, Украинадан автономия сұрап отыр

/uploads/thumbnail/20170708180227815_small.jpg

Біртұтас Украина мемлекетінің территориялдық тұтастығына нұқсан келтіріп, референдум өткізіп, жеке бөлініп шыққан дербес Донецк халықтық республикасының құрылғанына да бір жыл толар-толмас уақыт өтті. Дончандардың Украинадан бөлектенгеніне бір жыл толуы қарсаңында өзін-өзі жариялаған "республиканың" басшылары тосын мәлімдеме жасаған. Жақында ДХР халықтық кеңесінің вице-спикері Денис Пушлин енді  дончандар "Тәуелсіздік" алудан бас тартып, Украинаның құрамына "автономиялық" республика болып қосылуды қалайтындықтарын жеткізгендігі БАҚ-та қызу талқыға түсіп отыр. Сонымен,  Украинамен дербестік үшін күресумен келе жатқан  про-ресейлік дончандардың айналдырған бір жылдың ішінде талаптарының өзгеруіне не себеп болды? Неліктен олар енді РФ құрамына қосылғылары келмейді?

"Егер Киев біздің ішкі құндылықтарымызды ескеріп, саяси қысым жасамайтын болса, біз Украина мемлекеті құрамына автономиялық республика ретінде қосылуға дайынбыз",- дейді Денис Пушкин.

Оның айтуынша, егер украина әскерлері мен билік басындағылар Минск келісімдеріне қайшы келетін кез келген әрекетке баратын болса, дончандар сол күні-ақ толық "Тәуелсіздік" алу жолында күресті жалғастыратын болады. Сондай-ақ Пушлин Украина Конституциясына өзгертулер енгізуді ұсынған. Ұсыныста республиканың басқа да аймақтарында өзін-өзі басқаруға құқық беру қарастырылған және егер Украина билігі ресми түрде автономия жариялауға рұқсат берсе, Минск келісімдерінің екінші пакетінде (хаттамасында)  көрсетілгендей, ДХР-да жаңа жергілікті билік сайлауын өткізуге даяр екендіктері айтылған.

Естеріңізде болса, Пушилннің бұрынғы мәлімдемелерінде ДХР мен ЛХР  соғыс аяқталған соң, ресми түрде Тәуелсіздік жариялайтын болады деген болатын. Бүгін жағдай мүлде басқаша. Пушлин мырзаның да мәлімдемесі өзгерген.

Алайда, 2014 жылдың жаз айларынан бастап, өзін-өзі жариялаған қос республиканы Мәскеу қысымға ала бастағаннан бері, ДХР мен ЛХР-да Украина құрамына қайта қосылу, реинтеграциялану туралы әңгімелердің шеті біліне бастаған.

2014 жылдың 3 наурызы күні Донецк облыстық кеңесі ереуілші топтың қысымынан кейін, референдум жариялау туралы шешім шығарған еді. Референдум талаптарында, жергілікті жерде орыс тіліне ресми статус беру,  жергілікті милиция құру, Ресеймен байланыстарды арттыру, жергілікті басқарушы органдардың статусын жоғарылату, жергілікті биліктің 80 пайызын басқарушы органның қолына тапсыру секілді бірқатар мәселелер қарастырылған болатын. Кейін, референдум талаптарын жасақтаушылардың бірі Павел Губарев тұтқындалғанымен, оның жаппай халықтық революция ұйымдастыру идеясы шынға айналды.

Арада бір ай өткенде, 5 сәуір күні МММ бұрынғы активисті Денис Пушлин өзін губернатор Павел Гурабовтың орынбасарымын деп таныстырып, ереуілді басқаруды өз қолына алады. Бұл жолғы митингте Қырым аннекциясының аналогы ретінде, Донецк облысында референдум өткізуді бастап кетеді. Дончандардың референдум өткізуіне бірден бір себепші, әрине РФ болатын. Ол Қырым секілді, Донецк мен Луганск облыстарын РФ құрамына қосуды көздеген. Ал ол кезде, дончандардың көздегені "тәуелсіздік" алу болған. Дончандар Мәскеудің түпкі ойын аңғарғаннан кейін, саяси қысым көре бастағанда барып, Украина құрамына қайта қосылу туралы сөз қозғай бастады. Алайда, бұл кезде қан төгістер әлі жалғасып жатқан.

Ресейлік мемлекеттік БАҚ-та ДХР мен ЛХР тәуелсіздік үшін күресушілер емес, "федерализация" жақтастары деген сипта ала бастағаны да белгілі.

РФ СІМ Сергей Лавров мырза:

- Украина билігі тарапынан ДХР мен ЛХР-ға кеңейтілген автономия берілуі тиіс. Сондай-ақ жергілікті халықтың тілдік, мәдени, ұлттық шектеулер қойымауы қадағаланып, жергілікті билік жергілікті сайлау арқылы тағайындалуы тиіс.

Мәскеу өз тарапынан Украинаның территориалдық тұтастығын мойындаған сыңай танытқанымен, Киевтен федерализация талап етумен келеді. Алайда, Мәскеу діттеген мақсатына жетуі екіталай күйге түсті.  ДХР басшысы Пушлин мырза бағытын басқа жаққа бұрып әкетті. Ол Киев билігінен автономиялық республика ретінде  Украинаның территориясына қайта қосылуды сұрап хат жолдаған. Әзірге, Киевтен жауап жоқ.

Дегенмен, Минскі келісімдері Украинаның шығысдағы қарулы қақтығыстарды уақытша тоқтатуға жолы ашып, мәселені бейбіт жолмен шешудің аналогтық нұсқаларын ұсынған.

Ал, ДХР-ның референдумынан 3 күн  өткеннен кейін қабылдаған Конституциясының 2 бабы, 1 тармағында қандай да бір мемлекеттің құрамына федеративті республика болып қосылу туралы жазылған.

Бастапқы кезінде бұл тармақ "Ресей Федерациясын" нұсқағанымен, теориялық тұрғыдан бұл тармақты Украинаға да қатысты қолдануға болатыны тағы бар.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар