Қазақстанда енді жеке медициналық кітапшаны электрондық форматта алуға болады

/uploads/thumbnail/20250207140424421_big.webp

Қазақстанда енді жеке медициналық кітапшаны eGov Mobile мобилдік қосымшасындағы E-Densaulyk сервисі арқылы алуға болады.

Министрліктің Telegram-арнасында жариялаған ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке медициналық кітапшаның (санитариялық кітапша) электрондық форматы енгізілді. "Азаматтар енді eGov Mobile мобилдік қосымшасындағы E-Densaulyk сервисі арқылы медициналық тексеру нәтижелері мен өздерінің санитариялық кітапшасы туралы деректерді ала алады, бұл медициналық тексеруден өту уақытын едәуір қысқартады және терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмайды. Санитариялық кітапша дайын болған кезде азаматтар 1414 нөмірінен СМС-хабарлама алады", - делінген хабарламада. 

Бұл ретте, жұмыс берушілер қызметкерлердің медициналық кітапшаларының өзектілігін hr.enbek.kz тегін еңбек ресурстары порталы арқылы тексере алады, бұл санитариялық нормалардың сақталуын бақылауды жеңілдетеді және ықтимал қателіктердің алдын алады. Сондай-ақ министрлік өкілдері медициналық кітапша кімде болуы міндетті екенін айтты. "Электрондық жүйе қоғамдық тамақтану, дәріхана, санаторий қызметкерлерін, сондай-ақ қызмет көрсету саласы мен медицина қызметкерлерін қоса алғанда, қызметкерлердің 15 санатын қамтиды. Бұл санаттар үшін тұрақты медициналық тексерулер жылына бір рет немесе алты айда бір рет өткізіледі", - деп түсіндірді ведомство өкілдері. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар