Медициналық қызметтің тиімділігі сапасын арттыру үшін не істелініп жатыр?

/uploads/thumbnail/20190315122555296_small.jpg

Денсаулық сақтауды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының биыл аяқталатын жылы. Сондықтан да бұл саладағы жұмыстар әсіресе үстіміздегі жылы өз  нәтижесін көрсетініне сенім мол. Өйткені әр кезеңде медицинаға қатысты бағдарламалар қабылданды, Алдында 2011-2015 жыл­­дарға арналған «Саламатты Қа­зақстан» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы қабылданды. Ол да елдің салауатты өмір салтын сақтау мен елдің тұрақты әлеу­мет­тік-демография­лық дамуын қам­тамасыз етті. Әр жобаның еліміздің экономикасын көтеруде  немесе денсаулық саласын  нығайтуда өз орны бар екеніне көз жеткізіп келеміз. Ал 2016-2019 жылдарға қатысты «Денсаулық» бағдарламасының ерекшелігі неде? Аталған бағдарлама Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарына негізделді. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев та ел халқына Жолдауында «дамудағы ЭЫДҰ елдерімен арадағы  алшақтықтарды жою керек» деп атап көрсеткені белгілі. Сондықтан да «Денсаулық» бағдарламасының басты мақсаты– өркениетті көштен қалмау және халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын күшейту және халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға негізделді. Сондай-ақ  қазіргі уақытта барлық шаралар алдыңғы орынға шыққан созылмалы аурулардың алдын алуға бағытталған. Оның үстіне мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын жүзеге асыру аясында  медициналық-санитарлық алғашқы көмек, жалпы денсаулық саласын арттыруға қатысты жұмыстар жүйелі атқарылуда. Мұның барлығы «Денсаулық» бағдарламасында атап көрсетілген. Бағдарлама бойынша осы бағдарламаның аясында не  істелінді немесе болашақта қандай жұмыстар атқарылады? Атап айтқанда қандай?

1.«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы учаскелік дәрігердің жүктемесін азаяды. 2018 жылдың 9 айының қорытындысына назар аударар болсақ, қазір бір дәрігерге  тіркелген халықтың орташа саны 8,3 пайызға азайды, қазіргі уақытта шамамен 1 901 адам деңгейін құрап отыр.

  1. Аталған жүктемені одан әрі төмендету үшін дәрігерлердің алдағы уақытта тағы да 247 учаскесі ашылады. Ол үшін халықтың тұрғылықты жеріне жақын орналасқан шағын МСАК жобаларын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  арқылы дамыту көзделіп отыр.  Бұл жоба жүзеге асса, тұрғындардың медициналық қолжетімділігі артады.
  2. 2018 жылы халықтың пікірін білу мақсатында 36 мыңнан астам адамға сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы да респонденттерден сауалнама алынды. Зерттеу нәтижесі жағымды. Сұрауға жауап бергендердің 47 пайызынан астамы оң нәтиже болғанын айтқан. Демек, бұдан шығатын қорытынды, осы уақытта дейін жасалынып келе жатқан медициналық қызметке халықтың қанағаттану деңгейі тәуір. Егер алдағы уақытта «Денсаулық» бағдарламасындағы міндеттер толық орындалатын болса, онда қанағаттану деңгейі де күрт артады деп тұжырым жасауға болады.
  3. Халықтың медициналық қызметке қанағаттану деңгейін білу үшін және оны тұрақты түрде зерттеу үшін үкіметтік емес ұйымдармен тұрғындар арасында әлеуметтік зерттеу, сауалнама жүргізу қарастырылып отыр. Бұл өз кезегінде денсаулық саласының қызмет сапасын арттыру үшін өте керек.
  4. 5. Жыл өткен сайын халықтың өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Бұл әрине жағымды аталған салада жағымды нәтиженің орын алып келе жатқанын көрсетеді. Мысалы, халықтың ұзақ жасауы орташа есеппен алғанда 2016 жыл – 72,4. 2017 жыл – 72,95 жасқа жетті. Бұл көрсеткішті енді 2019 жылы 73,13 жасқа  жеткізу  көзделіп отыр. Демек, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру мақсатында алға жылжу бар. Мұның барлығы атап айтқанда, аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және тағы басқа  нәрселерге байланысты. Ең бастысы, халық денсаулықтың  зор байлық екенін түсіне бастады.
  5. Республика халқының денсаулығын қолдау және қорғау үшін тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан скринингтер өз нәтижесін бере бастады. Ауруларды ерте анықтау үшін Ұлттық скрининг бағдарламасы жүзеге асырылуда. Тексерілуге  келетін адамдардың тобы  70 жасқа дейін ұзартылды. Өйткені бұл қадам жыл өткен сайын қазақстандықтардың өмір сүру жасының арта түсуіне байланысты жасалынып отыр.
  6. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінен алынған деректерге назар аударар болсақ, 2018 жылдың 9 айында мақсатты топтар арасында 9 481767 скринингтік зерттеу жүргізілген. Ал бұл топтарды тексерудегі мақсат не, оның қандай да бір нәтижесі анықталды ма? Мәліметтерді көрсетер болсақ, тексерудің нәтижесінде 714 945 сырқаттың бары анықталды, соның нәтижесінде 341 503 адам диспансерлік тіркеуге алынды. Тексерілген балалар саны – 3 998 813, сырқат анықталғаны – 454 797, диспансерлік тіркеуге алынғандар саны – 140 927 адам болып отыр.
  7. Осы уақытқа дейін елімізде суицид мәселесі күн тәртібінде өзекті болып тұрғаны белгілі. 2018 жылдан бастап республиканың барлық аймақтарында суицидтің алдын алу бағдарламасы жүзеге асты. Сондықтан кәмелеттік жас пен жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіші соңғы үш жылда 30 пайызға төмендеді. Мұның өзі бұл бағытта жүйелі жұмыстың жүріп жатқандығын көрсетеді.
  8. «Денсаулық» бағдарламасын жүйелі жүзеге асырудың барысында медицина мамандарының жетіспеушілігі барған сайын азайып келеді. Мысалы ретінде айтар болсақ, 2014 жылы 2,8 мың медицина қызметкерлерінің тапшылығы байқалды. Ал үш жылдан кейін, яғни 2017 жылы бұл 34,6 пайызға азайып, 2,8 мың деңгейінде болды. Ал 2019 жылы кадр тапшылығы шамамен 1660 -дей  болатынын айта кеткен жөн. Демек, барған сайын республика өңірлерінде дәрігер- маманның жетіспеушілігі азайып келеді. Демек мұның барлығы ла жұмыстың нәтижелі жүріп жатқанын көрсетеді.
  9. Президент тапсырмасына орай онкологиялық аурудың алдын алу мақсатында орталық құрылды. Қазірдің өзінде онкологиялық аурулармен күрес бойынша кешенді жоспар қабылданды. Бұл жерде аталған ауруларды диагностика жасауға, сонымен қатар алдын ала емдеуге баса назар аударылуда.

Мемлекет басшысының Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру тапсырмасына орай тұрақты жұмыс тобы құрылып, қазір жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы даярланып жатқанын айта кету қажет. Аталған онкологиялық орталыққа мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті тарту көзделіп отыр. Мұндай жағдайда орталық заманауи медициналық-диагностикалық құрылғылармен толыққанды жабдықталатын болады.

  1. Жыл өткен сайын денсаулық саласына инвестиция тарту артып келеді. 2018 жылы 31 миллиард теңгеге 35 нысанның құрылысы жоспарланып, жүзеге асса, 2019 жылы сомасы 55,6 миллиард теңге болатын 33 нысанда құрылыс-монтаждау жұмысы жоспарланып отыр. Айта кетер бір жайт, мұндағы аталған қаржының 60 пайыздан астамы жеке инвестиция арқылы келген.
  2. 11. 1 шілдеден бастап жалақысы төмен медбикелер мен одан кіші қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға артады. Сонымен қатар, сұранысқа ие дәрігерлердің де жалақысы жоғарылайды. Нақты айтқанда, 225 мыңнан аса медицина қызметкерлерінің жалақысы ұлғаятын болады.
  3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) қолжетімділігін арттыру мақсатында алдағы уақытта республика бойынша 595 мекеме салу жоспарлануда. Оның 577-і ауылдық жерде орналасатын болады.
  4. Президент тапсырмасына орай МСАК-ті  қаржыландыру кезең-кезеңмен жүргізіліп, оған ақша бөлу мәселесі  20 пайызға артады. Соның нәтижесінде   аталған бағытты қаржыландыру 2,3 есе өседі және 2022  жылы 936 млрд теңгені құрайды делініп отыр. Сонымен қатар,  «Денсаулық»  бағдарламасының нәтижесінде  таяу уақыттарда  жыл сайын 100 мыңға жуық емделуші жаңа стационарларда ем алады. Мемлекеттік -жекеменшік әріптестік аясында ескі 56 аурухананың  орнына қосымша 15 ірі көпбейінді аурухана салынатынын айта кету керек. 

...Қысқасы, халықтың денсаулығын нығайтуға арналған 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы өз жемісін бермек. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар