Алқа отырысында алқалы мәселелер айтылды

/uploads/thumbnail/20190315122428695_small.jpg

Әр жылдың басында әрбір министрлікте алқалы жиын өтетіні бірнеше жылдан бері дәстүрге айналып келеді. Бұл жолғы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде өткен 2018 жылдың жұмыстарына қорытынды жасалынды, сонымен қатар, алдағы міндеттер айқындалып, жоспарлар бекітілді.

Дәстүрге айналған жиыннан біз не байқадық?  Қысқасы, денсаулық саласында алға жылжу бар. Министр Елжан Біртановтың баяндамасынан түйсінгеніміз, Елбасы Жолдауында айтылған мәселелер жүйелі түрде жүзеге асырылып  келеді.  2016-219 жылдарға арналған «Денсаулық»  бағдарламасында айтылған міндеттер орындалуда. Атап айтар болсақ, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) жүзеге асыру барысында жұмыстар жемісті жүргізіліп жатыр. Сонымен кеңейтілген алқа мәжілісінде нендей жұмыстар жүзеге асырылды?

  1. Республика бойынша жаңадан медициналық учаскелер ашылды.
  2. Бір жалпы практикалық дәрігерге жүктемелер азайды. Бұл көрсеткіш 2016 жылы бір дәрігерге – 2074 тұрғыннан болса, 2017 жылы - 1984, 2018 жылы – 1773 болып отыр.
  3. 40 жастан 70 жасқа дейінгі  жас топтарында скринингтерді қамту деңгейі кеңейтілді.
  4. МСАК қаржыландыру шеңберінде кешенді жан басына шаққандағы норматив 1 тұрғынға шаққанда 683-ден 819 теңгеге  (20 пайызға) артты.
  5. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) цифрландыру аясында дәрігер қабылдауына онлайн жазба енгізілді, осыған байланысты адамдардың кезегі 2 есеге қысқарған.
  6. Қазіргі күнге дейін 5,3 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды және 2019 жылдың соңына дейін 100 пайыз медицина қызметкерлерін оқыту жоспарланып отыр,
  7. 2019 жылы МСАК қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 5,3 миллиард теңге, жалақысы төмен медициналық ұйым қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 27,1 миллиард теңге бөлінетін болды.
  8. «Жедел көмек дәрігері» мамандығы бойынша 340 адамды оқыту бағдарламасы енгізілді.
  9. Президент тапсырмасы бойынша «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасы Кодексінің жаңа редакциясын қабылдауға қатысты талқылаулар жүріп жатыр. Бүгінгі дейін 500-ден астам ұсыныс түскен.
  10. Жыл сайын дәрігерлердің де, медбикелердің де жалақысы өсіп келеді. 2018 жылы дәрігерлердің қолына тиетін орташа жалақысы 142 мың теңгені құрады.
  11. 2018 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға 6537 сараптама жасалды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық.  Сондай-ақ 63 мыңға жуық медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытынды берілді.
  12. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және «Денсаулық» бағдарламасының  нәтижесінде  адамдардың емханаға бару саны 2 есе азайды, кезек күту 2 есе төмендеді.
  13. «Қағазсыз аурухана» мен электронды қызметтің нәтижесінде дәрігерлер мен пациенттердің уақыты 50 пайызға үнемделді.
  14. Смартфондар арқылы зерттеулер нәтижелерін алу есебінен оларды алу уақыты  да 2,5 есе азайды.
  15. «Қағазсыз аурухана» жобасының нәтижесінде жылына 3 200 тонна қағазды үнемделді.
  16. Стационарлардың қабылдау бөлімшелеріндегі 18 медициналық ұйымда пилот жүйесінің ТРИАЖЫ енгізілді.
  17. Жолдаудағы қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейту туралы Елбасы тапсырмасына байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы  құрылды.

Міне, бұл Қазақстанда денсаулықты сақтаудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасының аясында жүзеге асырылған жұмыстардың бірқатары ғана. Қалай айтқанда да, медицина саласында алға жылжу бар. Мұны халық та сезініп отыр.

 Ең бастысы,  Президенттің халыққа арнаған  Жолдауындағы «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін  күшейту керек. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі  созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет»  деген тапсырмалары тиянақты орындалып жатыр.  Демек,  мұны үкімет пен тиісті министрліктердің  дұрыс жұмыс істеп жатқанының  нәтижесі деп түсіну керек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар