Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономиканы әртараптандыру - табыс кілті екенін атап көрсеткен болатын. Әртараптандырудың өзегі - кәсіпкерлік. Экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші де кәсіпкерлер. Сондықтан, әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты, Қазақстанда да жаңа идеялардың қайнар көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне айрықша маңыз беріліп отыр. Оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы қоғам үшін маңызды. Әйелдер кәсіпкерлігі бәсекелес нарықтық ортаны құруға мұмкіндік туғызады, тауарлар және қызметтермен нарықты қанықтырады, сұраныстың өзгерістеріне икемді жауап қайтарады, тәуекелді жобалар мен жаңалықтар енгізеді, сондай-ақ мамандарды, капиталды, негізгі және қосымша материалдарды толықтыру көзі болып табылады. Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін көтеруге және олардың өмір сүру сапасын арттыруға өз септігін тигізеді. Осындай келелі мәселені талқылайтын тағы бір жиын ОҚО-да өтті. Созақ ауданының әкімі А. Аймұрзаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы М. Исаев осы өлкеде түрлі салада қызмет етіп, жетістіктерге жетіп жүрген іскер әйелдерді қабылдады Қабылдау барысында қыз келіншектер алдағы атқаратын жұмыстары туралы айтып, жоспарларымен бөлісті. Мәселен Ләйлә Ыстыбаева қыз келіншектерга арналған сауықтыру орталығын салуды жоспарлап отырғанын айтса, Гүлнұр Байжігітова балабақша ашқысы келеді екен. Тағы бірі тәтті тағамдар әзірлейтін кондитерлік цех ашып, қазіргі уақытта өнімділігін көбейту бағытында жұмыстар атқарып жатқанын айтты. Аудан әкімі жоқтан бар жасап, қоғамның дамуына үлесін қосып жүрген қыз келіншектерді алда келе жатқан мерекелерімен құттықтап, өз ісін ашып, кәсібін дамытамын деген қыз-келіншектерге мемлекет тарапынан қолдау болады, – дейді.
Дәурен ӘБДІРАМАНОВ
Пікір қалдыру