Саламатты ұрпақ – Ұлт болашағы! Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз жас аналарға қамқорлық көрсетуді жас ұрпағының санасына сіңіріп өсірген. Дамудың даңғыл жолына бағыт түзеген Қазақстанның Түңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы да өзінің әр жылғы жолдауларында жас аналар мен сәбилерді назарына тыс қалдырмайды. Қазақстандағы жас аналардың ұлттың санын көбейтуге еш кедергі келтірмеу үшін барлық қолайлылықтар туғызып отырғканы да жасырын емес. Мысалы Қазақстандағы демографиялық өсім жоғары көрсеткішті нұсқайтын Оңтүстік Қазақстан облысында да болашақ аналар үшін түрлі кеңестер беріліп, қызықты жиындар ұйымдастырылып тұрады. Осындай салуаттылықты насихаттайтын жиын ОҚО-да өтті. Мұнда дәрігерлер әйелдерге босанудың жаңа тәсілдерін үйретуде. Еурападан келген жаңа әдіс барлық перзентханаларда қолданысқа енгізілген. Мамандардың айтуынша, бұл әдісті игерген келіншек аман-есен босанады. Мамандар бұған қоса ана мен бала өлімі азаяды ден сенеді. Осы орайда жаңа әдісті кеңінен насихаттап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қаладағы барлық емханаларда босануды жоспарлау кабинеттері жұмыс жасауда. Мысалы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай бастамаларға әр кез қолдау білдіріп, сонымен қатар, болашақ аналарға арналған түрлі кеңестер курсын ұйымдастыруды қолға алған. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 тамыздағы N 612 бұйрығымен бекітілгендей, босанудың алдында тұрған жас аналарға акушерлік-гинекологиялық көмекті жетілдіру және одан әрі дамытуға, әйелдер консультациясының (кабинетінің) қызметін ұйымдастыру, облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары ережеге сәйкес әйелдер консультациясының, кабинеттерінің қызметін ұйымдастырсын деген бұйрық бүгінде күшіне енген. ОҚО-дағы оң қадам соның дәлелі болмақ.
Пікір қалдыру