ССРО тарихындағы ерекше қашқын ретінде тіркелген оқиғамен таныс болыңыздар. Патрушевке дейін Қара теңізді кесіп өту ойға сыйымсыз көрінетін. Бірақ 1962 жылы Петр Батуми қаласынан шыққан күйі суға аяғы тиісімен ештеңеге қарамай жүзіп кетеді. Осылайша ол ССРО-дан Түркияға өте шықты.
Шекарашылар Патрушевтің бұл әрекетіне қарсы қимылдауға қауқарсыз болып шықты. Қарапайым адам, мейлі ол сүңгуір болсын, ешбір арнайы жабдықтарсыз осыншама қашықтықты жүзіп өтуі - адам сенгісіз дүние.
Мұндай қашықтықты жүзіп өткен Петр де осал адам болмай шықты. Бала күнінен жүзумен айналысады. Ал қашуға бел байлауға спорт ротадан қатардағы әскер бөліміне түсіп қалуы және ондағы қаруластарының қысымы себеп болыпты.
Петр аяқ астынан сумен қашуға бел байлайды да, тартып отырады. Құдай қолдап, Түркия жақтағы жағалаудан бір-ақ шығыпты батырың.
"Алғашқы прожектор жанды. Мен көрініп қалмау үшін тереңге сүңги бердім. Қысымның артып бара жатқанын құлағыма естілген шу арқылы байқадым. Бойымнан әл кетіп, жас күнімнен бергі жаттығуларым көмектеспейтіндей көрінген", - деп еске алады Петр ерекше жорығын.
Түркияда жүріп, Патрушев өзінің Қара теңіз арқылы осынша қашықтықты қалай жүзіп өткенін түсінбейтінін мойындады. Бұл жақта одан жүзіп өткен маршрутын картада белгілеп беруін сұрайды. Бірақ Петр өзінің шамамен, болжаммен жүзгенін айтып құтылады.
Солай да солай, қарағым! Бостандыққа ұмтылған Петр мақсатына жетті.
Аударған: Әділет Мәдениет
Пікір қалдыру