Познер: Қазақстанға демократия керек емес

/uploads/thumbnail/20190429140529344_small.jpg

Тележүргізуші Владимир Познер посткеңестік елдерге демократияның қажеттілігі туралы пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Познер Online сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті, Владимир Владимирович! "Познер" бағдарламасының соңғы санында Погребинский мырзамен бірге әңгіме өрбітіп, өзбекстандық әйелмен сөйлесу барысында оның "бізге демократия керек емес" деп айтқанын тілге тиек еттіңіздер. Демократия жалпы посткеңестік елдерге керек пе немесе олар оған қашан дайын болады? Өз ойыңызды білдіре аласыз ба?" - деп сұрақ қойды Бахром Раджабов есімді оқырман.

Познер оқырманның сұрағын жауапсыз қалдырмады. Оның айтуынша, посткеңестік елдер саналатын Балтық жағалауы мемлекеттері, Грузия, Молдавия, Украина және Ресей сынды мемлекеттерге демократия белгілі бір деңгейде керек. Ал Әзірбайжан, Қазақстан және басқа да Орта Азия елдеріне дәл қазіргі уақытта демократияның түк қажеті жоқ.

"Дегенмен, екінші санатта аталған елдер тарихи даму мен тәжірибе жинау арқылы күндердің күнінде демократияға дайын болмақ. Олар қашан дайын болады, демократия да сол кезде орнайды", - деп түйді сөзін белгілі тележүргізуші.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар