Зеленскийдің әскери кеңесшісі: шақшадай бастарыңа бәле тілемеңдер!

/uploads/thumbnail/20190430120331460_small.jpg

Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийдің Қауіпсіздік және қорғаныс істері жөніндегі кеңесшісі Иван Апаршин Киевтің ешкім күтпеген жерлерге соққы жасауға даяр екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңесшінің сөзіне құлақ түрсек, Украина НАТО ұйымына кіремін дегенше жан-жақтағы қаңқу әңгімелер мен қысымдарға жауап қайтарып үлгереді.

"Егер, сіздердің анау мисыз бастарыңызға қандай да бір жоспар келетін болса, айтпады демеңдер, мен оны тауып, жауап қайтаратын боламын. Және мұны ешкім білмейтін жолмен жасаймын", - деп ескертті Апаршин.

Кеңесші өзінің бұл сөздері арқылы Украинаның әскери күштерінің әлеуетінің артқанын жеткізбек болғанын айтты. Сондай-ақ, мемлекет армиясын қаруландыру және қаржыландыру жағынан да жылдам дамып келе жатыр.

"Дұрысы – маған тиісуші болмаңдар. НАТО-ға кіру туралы шешім қабылданды және ол талқыланбайды", - деп түйді сөзін Апаршин.

Өткен аптада саясаткер Украинаның жаңа "әскери доктринасын" таныстырған еді. Ол жерде армияның альянсқа мүше елдердің барлығына ортақ талаптарға сай жабдықталып, әлеуетінің едәуір өскенін хабарлаған.

Сондай-ақ, Апаршин армияны соңғы технологиялармен жасалған қарумен толық жасақтағысы келеді.

Аударған: Әділет Мәдениет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар