2 мыңға жуық адам шахтада қамалып қалды

/uploads/thumbnail/20190501005122596_small.png

Оңтүстік Африка Республикасында платина өндіретін шахтада 1,8 мың адам қамалып қалған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасап.

Белгісіз дереккөздердің ақпараты бойынша, кен орынының шығатын жолдарын рельс басып қалған.

із шахтаны тексеріп, қамалған қызметкерлерді сыртқа шығаруымыз керек. Рельстің қаншалықты зиян келтіргенін анықтап, олқылықтың орынын толықтыруымыз керек", - дейді кен орынының басшысы Джеймс Велстед.

Оның айтуынша, қамалып қалған шахтерлер сумен және тамақпен қамтамасыз етілген. Егер жол ашылмайтын болса, онда оларды басқа жолдармен шығарып алу қажет. Әзірге төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар