Таиланд королі Маха Вачиралонгкорн (Рама Х) өзінің сүйіктісі, генерал Сутхида Вачиралонгкорнмен некесін қиғаны туралы мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтының деректеріне сүйене отырып.
Корольдің жарының генерал әскери шені бар деп хабарлайды ТАСС. Некенің қашан қиылғаны белгісіз, алайда ол туралы ресми ақпарат тек қазір тарап отыр. Ал оның бұған дейінгі некесі ресми түрде төрт жыл өтіп, мұрагер дүниеге келгеннен кейін хабарланған.
Бұл 66 жасар монархтың төртінші некесі.
40 жастағы Сутхида корольдің жеке күзетінің басшысы болып қызмет атқарады. Бұрын ол Thai Airways әуекомпаниясында стюардесса болып жұмыс істеген. Сосын тақ мұрагері Вачиралонгкорн әулетінің күзет командирі міндетін атқару қызметіне тағайындалған. Рама Х оған Тануинг (Ханым) шенін сыйға тартты.
Рама Х-ті ұлықтау рәсімі 4-6 мамырда өтпек. Алайда ол мемлекетті 2016 жылдың аяғынан бастап басқарып келеді. Монарх таққа отырғаннан кейін ресми түрде тәж кигізіп, ұлықтау рәсімі - ұлттық дәстүрдің бір бөлігі. Қазіргі корольдің әкесі де билік басына келіп, төрт жыл өткеннен кейін ұлықтау рәсімін өткізген.
Пікір қалдыру