Суретші балалар Астанаға аттанады

/uploads/thumbnail/20170708181057159_small.jpg

М. Жұмабаев: «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру»- деген екен. Сонда бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы қалыптасатын күрделі іс. Бала қамын ойлаған бабаларымыздың айтқандарынан түйгеніміз - қай қоғамның болсын көтерген мәселесі – бала жанына ізгілік дәнін егу. Себебі бала - өмірдің жалғасы, мәні мен сәні. Сондықтан да халық баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұққан. Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым - профессор Б. Кенжебаев: «Бала – біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Қазақта «Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілер» - деген мәтел бар. Иә, талантты балаларға қолдау көрсетуде ОҚО көш басында тұр. Болар баланың бетін қақпай, белін буды бек ұстанған ОҚО әкімшілігі дарынды балалардың шығармашылығына жан-жақты қолдау білдіріп келеді. Балалар мектеп қабырғасынан салық мәдениетін үйренуі керек. Осы мақсатты көздеген облыстық мемлекеттік кірістер департаменті арнайы сурет байқауын ұйымдастырған болатын. Аудан-қалалардан қатысқан 200-дей ұл-қыздың еңбектерін қазылар алқасы бағалап, бүгін үздіктердің есімін жариялады. 9 жасқа дейінгі балалар арасында Ордабасылық Жібек Нұрғалиқызы, 12 жасқа дейінгі жеткіншектер ішінен Әйнел Алтынбек, ал 16 жасқа дейінгі талантты балалар арасында Жансая Әбдіәлімова бірінші орынды еншіледі. Енді дарынды балғындардың еңбектері Астанада өтетін республикалық байқауға жеткізілетін болды.

Қатысты Мақалалар