Алты айда 102 баланың жүрегіне ота жасалды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

 

фото: //medico-intech.kz

Егемендік алып, ескі күнімізді еңсергелі 24 жылдың жүзіне айналып барады. Осы жылдар аралығында Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан қарыштап дамудың даңғыл жолына түсті.  Тек өнеркісіп, шикізат саласы ғана емес, медицинада да айтарлықтай нәтижелерге жеттік. Соның ішінде тәуелсіздік жылдары  елімізде негізі қаланған денсаулық сақтау нысандарының 61 пайызы – Оңтүстік Қазақтан облысында салынға.

Иә, бұл өңірде  ақ халатты абзал жандарға барлық жағдай жасалған. Жергілікті биліктің шынай қолдауы мен дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің нәтижесі - Нәрестелер өлімінің көрсеткіші 16,4-тен 15,4-ке төмендеді, аналар өлімінің көрсеткіші 20,6 құрады.   Облыста алғашқы рет ана өлімін вирустық инфекция және пневмониядан төмендету мақсатында 38 876 жүкті әйелдерге тұмауға қарсы екпе (вакцинация) жасалған.  Сондай-ақ, Медициналық ұйымдардың  материалдық техникалық базасын нығайтуға 4,7 млрд. теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 49,8%-дан 56,2%-ға жеткізіліп, республикалық орта көрсеткішке жеткен. Ал биылғы жылдың ішінде облыстық балалар ауруханасы қанщшама бүлдіршінді ажалдан арашалап қалған.

Облыстық балалар ауруханасында 6 ай ішінде 102 жүрек отасы жасалған. Бұған дейін осы аурухананың дәрігерлері салмағы 10 келі болатын балаларға күрделі жүрек отасын жасаса, енді мамандар салмағы 3 келіге дейінгі балаларға да ота жасай алады.

Бұл жайында 6 айлық жұмыстың есебін берген аурухана басшылығы мәлімдеді. Олардың айтуынша, өңірде балалар кардиохирургиясы қарқынды дамып келеді. Соның айғағы — жергілікті оташылар оңтүстікқазақстандық балақайларды ғана емес, Тараз, Қызылорда өңірлерінің науқастарын да қабылдауда. Айтуларынша, енді өңіріміздің бөбектеріне емделу үшін Астана мен Алматыға барудың да қажеті жоқ.

Қатысты Мақалалар