Атырауда биыл қайта жаңғыртылған Исатай - Маxамбет алаңы ашылады

/uploads/thumbnail/20190520151134573_small.jpg

Атырауда ағымдағы жылдың соңына дейін қайта жаңғыртылған Исатай - Маxамбет алаңы ашылады. Ашылу салтанаты биылғы жылдың соңына жоспарланған, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегін негізге алып.

Атырау

Бұл туралы «БатысАльянсСтрой» ЖШС бас директоры Әділ Жұбанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба құрылысына алдыңғы қатарлы инженерлік технологияларды қолданады.

Атырау

Атырау

— Алаңға 50 мың шаршы метрді құрайтын автоматты суару мүмкіндігі бар 2000-ға жуық гүлзарлар орналастырылады, осылайша адам факторы толығымен алынып тасталады. Суару жүйесі компьютермен басқарылатын болады. Сол технологиямен алты бассейн мен субұрқақ жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қаптау және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін барлық заманауи материалдар, гранит және мәрмәр қолданылады, - деді «БатысАльянсСтрой» ЖШС бас директоры Әділ Жұбанов.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар