Аңдасақ заманауи тұрғыда жабдықталып, кадр дайындауда жетістікке жеткен әлемдік маңызы бар білім ордаларының көбісі жеке меншік иелеріне тиесілі екен. Ал біздің елде керісінше, жеке меншік оқу орындары мемлекеттік лицензиясынан айырылып қалып жатады? Оның мәні неде?
(Times Higher Education’s World Repulation ranking) екі жүз ЖОО-ның атауын атады.
10- орын Колумбия университеті
Колумбия университеті - Негізі 1754 ж құрылған. АҚШ-та Нью- Иорк штатының Нью-Иорк қаласында орналасқан. 1787 жылы мемлекет осы университетті жеке меншікке береді. Қазіргі уақытта да мемлекет иелігінде емес. Басында Колумбия колледжі деп аталып келген оқу орны тек 1896ж Колумбия университеті деген атау алады. Бүгінде осы университеттің әлем бойынша 7 орталығы бар: Амман, Бейжің, Стамбул, Париж, Мумбай, Сантьго және Найроби қалаларында.
9 - орын Калифорния Технология Институты
Калифорния Технология Институты -АҚШ-тың Калифорния штаты Пасадена қаласында орналасқан. Бұл оқу орны да жеке меншік иелігінде. Көпшілік атауы – Kaltek , Caltech. Негізін 1891 ж кәсіпкер , саясаткер Эймос Труп, Труп атындағы Университетті құрды. 1920 ж Труп атындағы Университеттің аты – Калифорния Технология Университеті деп ауысады. Бұл университет 31 Нобель сыйлығының лауреатымен байланысты. Олардың ішінде 17 бітірушісі және 18 профессор. 65 түлегі АҚШ- тың ұлтық ғылыми медальын немесе Инновация және технология саласында ұлттық медальды алған. 112 адамы Ұлттық ғылым академиясының мүшесі болып сайланған.
8 - орын Йель Университеті
Йель Университеті - Бұл университет те жеке меншік иелігіндегі оқу орны. АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Нью Хэван қаласында орналасқан. Негізі 1701 ж қаланды. 1718 жылы университеттің аты "British East India Company" ұйымының бастығы Элиху Йельдің құрметіне берілді. Йельдің 49 Нобель лауреаттары бар, Американың 5 президенті, 19 АҚШ жоғарғы сот мүшелері, және бірнеше басқа мемлекеттердің басшылары Йельден білім алған. Солардың ішінде кіші Джордж Буш (2001-2009) осы университеттің түлегі.
7 - орын Принстон Университеті
Принстон Университеті -Университет негізі 1746 ж қаланған. Америкадағы жеке меншіктегі университет. Оқу орны- Принстон қаласында, Нью-Джерси штатында орналасқан. Ең танымал шәкірттерінің бірі – АҚШ-тың 28- президенті- Вудро Вильсон. Университет құрылымына Вудро Вильсон атындағы қоғамдық және халықаралық қатынастар мектебі бар.
6 - орын Калифорния Университеті, Беркли
Калифорния Университеті ,Беркли - Көпшілік зерттеу университеті. Калифорния штаты Беркли қаласында орналасқан. Университет қабырғасы 1868 ж қаланды. Университет ІT- технологиялар, экономика, физика салалары әлемге әйгілі. Әсіресе, екінші Дүние жүзілік соғыс кезінде және одан кейін сутегі бомбасын жасап шығуда, басты рөл атқарды. Беркли ғалымдары циклотрон ойлап тауып, антипротонды зерттеді, лазерді жасап шығуда басты рөл атқарды. Атақты түлектерінің бірі – Стив Возняк.(Apple Computer компаниясын Стив Джобс пен Рональд Уэйнмен 1976 жылы негізін қалаған)
5 - орын Стэнфорд Университеті
Стэнфорд Университеті – АҚШ-тың Калифорния штатындағы Пало –Альто қаласында орналасқан университет. Іргетасын 1891 ж Калифорния губернаторы және теміржол бастығы Леланд Стэнфорд құрған. Жеке меншіктегі оқу орны. Дүние жүзіндегі ең мықты университеттердің бірі. Forbes журналында АҚШ-тағы үздік университеттер рейтингісінде 5-орын алған. Университет жыл сайын 6700- ге жуық студенттер мен 8000 аспиранттарды қабылдайды. Танымал түлектерінің бірі- АҚШ-тың 35-президенті Джон Кеннеди.
4 - орын Массачусетс Технологиялық Институты
Массачусетс Технологиялық Институты - АҚШ, Массачусетс штатындағы Кембридж қаласында орналасқан. Оқу орнының негізі 1861 ж қаланған. Жеке меншік университет. Мұнда робототехника және жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері елдегі ең таңдаулы болып саналады. Сонымен қатар жерлесіміз математика пәнінен көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері Қуат Есенов осы университетте оқиды.
3- орын Оксфорд Университеті
Оксфорд Университеті – Ұлыбритания, Оксфордтық графствода, Оксфорд қаласында орналасқан оқу орны болып табылады. Дүниежүзіндегі ең көне университеттерінің арасынан екінші орынды иеленуде (Болонский университетінен кейін), дүниежүзіндегі ағылшын тілдік ең көне университет және де Ұлыбританиядағы ең бірінші университет болып табылады. Ұлыбритания мен Ирландияның "ең көне университеттерінің" және Ұлыбританияның 20 ең үздік университеттерінің "Рассел тобына" кіреді. Университет факультеттер мен 38 колледждерден тұрады. Оқу жүйесінің негізгі бағыттары - гуманитарлық, математикалық, физикалық, әлеуметтік ғылым, медицина, өмір туралы ғылым және қоршаған орта. Оксфордта Ұлыбританияның 6 пример- министрі оқыған. Солардың бірі- М, Тэтчер(1979-1990), Тони Блэр(1997-2007)
2- орын Кембридж университеті
Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 шақырым жерде орналасқан Кембридж қаласында құрылған. XIII ғасырдың өзінде Кембридж университетінде 4 факультет болды: гуманитарлық, заң ғылымы, дінтану (теология), медицина. XVII ғ-да Кембридж университеті ірі ғылыми орталыққа айналды. 1669 – 1702 ж. И.Ньютон Кембридж университетінің профессоры болды. 1837 ж. Кембридж университетінде Ч.Дарвин магистр атағын алған. Аталған оқу орнынан 15 ағылшын премьер-министрі, әлем елдерінің 23 көшбасшысы, Үндістанның 3 премьер-министрі, Дания патшайымы II Маргрета оқып шыққан. Кембридж университеті ғалымдарының ғыл. жаңалықтары 60 Нобель сыйлығына ие болған.
1-орын Гарвард университеті
Гарвард университеті - 1636 жылы Массачусетс штатының Кэмбридж қаласында Массачусетс заңнамасымен қаланған жеке меншік, Гарвард АҚШ-тағы жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көнесі және АҚШ-тағы тұңғыш корпорация (ресми президенті және басқа жұмысшылары тағайындалған). Университетке алғаш ақшалай көмек көрсеткендердің бірі Джон Гарвард болғандықтан, университет осы кісінің атымен аталады. 2010 жылы Гарвард әлем бойынша физика мен экономика/бизнестен бірінші, химиядан екінші, математикадан үшінші, және компьютер ғылымдарынан тоғызыншы. 2009- 2010 жылдары QS Global 200 Business Schools Report рейтингісіне тірелсек, Гарвард әлемнің бірінші университеті болды. Гарвард университетінде (Мексика, Чилия,Коста-Рика, Колумбия, Тайвань, Перу) 6 елдің президенті оқыған. Сонымен қатар БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, Қазіргі АҚШ президенті Барак Обама да осы оқу орнының түлегі.
Қания Табыс
Пікір қалдыру