Үш қалада заңсыз қару сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

/image/2019/07/25/crop-0_2_313x480_knb.jpg

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында заңсыз қару сатумен айналысқан қылмыстық топтарды құрықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ескертусіз тексеру жүргізу шарасы кезінде 8 Калашников автоматы және 2 тапаншаны сату фактісі тіркелді. Бұл қарулар заңды жолмен тәркіленіп алынды.

2019 жылғы 18 және 19 шілдеcінде Алматы және Шымкент қалаларында топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өткізілді. Олардың кейбірі деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және "қарақшылар қауымдастығының" өкілдерімен тұрақты байланысы бар адамдар болып табылады.

Тінту іс-шаралары кезінде фигуранттардың бірінің тұрғылықты мекенжайынан қолмен құрастыруға және қаруды қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағына қару әкелетін кезекті ірі арна жойылды. Ұсталған адамдар бұрын сатқан криминалдық қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар