Биылғы жылдың 30-наурыз бен 4-сәуір аралығында Орал қаласында Тимур Кулибаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтті. Жарысқа Ресейден басым бөлігі дағыстандық жігіттерден тұратын спортшылар келді. Бәсекеде Ресей құрамасындағы Сослан Асбаров күміс жүлде жеңіп алады. Кеш бата ұтып алған медалін “жумақ” болған Сослан достарын ертіп “Оскар” түнгі клубына барып тойлайды. Жеңістің буымен масайраған тау халқының жігіттері жергілікті қазақ жігіттеріне ұнамайтын қылықтар көрсетеді. Шын мәнісінде, түнгі клубта ұтып алған медалін жуып, масайрап, ұрынарға қара таппай, қазақ қыздарына тіл тигізіп, құтырған “жігітті” қазақтық намысын қорғап, сабасына түсірген Руслан БАХЫТОВ деген қазақтың батыр жігіті еді.
Жұдырық жеп есеңгіреп ауруханаға түскен дағыстандықтар арызданып, көп ұзамай Руслан қапасқа қамалды. Қорғаушылардың айтуынша, Руслан бұл іс бойынша көп жылға сотталып кетуі әбден мүмкін. Себебі дағыстандықтар: “Руслан БАХЫТОВты түрмеде шірітеміз!” – деп, қолдарынан келгендерінің бәрін істеп, тыраштанып жатыр екен.
Біздің зерттеуімізше жанжалдың шығуына “қонақтардың” өздері түрткі болған. Төбелесті көзі көргендердің айтуынша ресейлік боксшыға ешкім жабылмаған. Қонақтардың тым еркінсіп, артық кетіп бара жатқанын көрген жергілікті жігіттер оларға бірнеше мәрте ескерту жасапты. Сөйтіп, намысшыл қазақ жігіті Руслан БАХЫТОВ жазатайым жазықты болып қалды.
Руслан БАХЫТОВ – 1974 жылы Қаратөбе елді-мекенінде дүниеге келген қазақтың қарапайым баласы. Жастай әке-шешесінен ерте айырылып, кішкентайынан әжесінің қолында тәрбиеленген. Ол қазіргі заманның қас батыры, ұлтын сүйген ұланы. Оралбек пен Димаш атты ұлдары, Динара атты жары бар.
Руслан - “Қазақ елі” Халықтық қозғалысының белсенді мүшесі.
Біз «ел боламыз» десек, өз елімізді өзгеге сыйлатамыз десек, Руслан БАХЫТОВтың тағдырынан қалыс қалмауға тиіспіз. Өйткені, «Әр қазақ – менің жалғызым!» – деп жырлаған адуынды ақын Сабыр АДАЙ айтпақшы, әрбір қазақтың тағдырынан – күллі қазақтың тағдыры құралады.
Төменде Руслан БАХЫТОВтың түрмеде жазған жанайқай өлеңдерін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Пікір қосыңыз, көмек сөзіңізді айтыңыз, жәрдем қолыңызды созыңыз, қазақ баласын қорғаңыз, ағайын!
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,
“Қазақ елі” Халықтық қозғалысының төрағасы
Я, Алла!
Өмiрiмнiң көбi кетiп, азы қалды...
Ойлап едiм «қысы кетiп, жазы қалды».
Кенеттен кездесiп қап бір дағыстан,
Бiр соққы жеп, арсыз арыз жазып салды...
«Лезгин» билеп, қару атып, той тойлаған,
Тау халқын шын намысты деп ойлағам,
Намыс жоқ, жүрек те жоқ, құр кеуде екен,
Көбейсе, жалғыз жанды тек қоймаған.
Күштi сыйлап, батылға бас иедi екен,
«Күнәм жоқ» деп, өп-өтірік күйедi екен.
Абайсызда қолына билiк тисе,
Қарап жүрген адамға тиедi екен.
Алдымнан бiр топ шешен шыға келдi,
Бұрын соңды көрмеген-ау мендей Ердi,
Амал жоқ, ауыздықтап, жынын бастым,
Намысыма үшкiр тiлiн тыға бердi...
Не iстеймiн тентектiктi өзi бастады,
Тентекті емес, еркекті жауып тастады,
Бiздiң елдiң заңдары «қызық» екен,
Тәртіпсізді ақтады әуел бастағы...
Өзі бастап, жәбір көрген бола қалды,
Жоқ жерден «айғақтары» тола қалды,
Айтаққа барлық күшiн қосып жатыр,
Біздің жақ «сыйлауымен» қонақтарды...
...Осылай өмiр шiркiн өтiп жатыр,
Бiреу келiп, бiреулер кетiп жатыр.
Осыдан Құдай қалап, аман шықсам,
Бәрiн қоям, – «с меня» жетiп жатыр.
Аяғыма лас жер бастырмаймын,
Отбасымды қиналтып, састырмаймын.
Әділдіктің ауылы алыс екен,
Бүгін мен торға түскен қасқырдаймын.
Торға түскен арландай ырылдаймын,
Тұншығып ауа жетпей, қырылдаймын,
«Әке!» деген балаларым еске түссе,
Торға түскен торғайдай шырылдаймын.
Я, Тәңiрiм сабырлық, қуат бергей!
Отбасыма нұр төгiп, шуақ бергей!
Я, Алла бар пәледен өзiң сақта,
Дұғам мен тілегіме жауап бергей!
Әумин!
О, Динара, алтыным!
О, Динара, алтыным, Құдай қосқан!
Күн сайын жолға қарап, менi тосқан...
Жаным да сен, Күнiм де, Гүлiм де сен!
Бiр адам жоқ мен үшiн Сенен асқан!
Сенi ойласам, жүрегiм сәл тоқтайды,
Сенсiз Жаным, жүрегiм дәл соқпайды.
Сәттерiңдi қиналған жаным сезiп,
Мен жанымды қоярға жер таппаймын...
Өзiң едiң жүрегiмнiң сыңары,
Өзiң едiң көздерiмнiң шынары,
Ойда жоқта өздерiңнен алыстап,
Жүрек сорлы күнi-түнi жылады.
Бек бол, Жаным, беделiң құламасын!
КөнеміздеРаббымызсынағасын...
Құдайымүмітіңдітауыспасын,
Бақыткелерқиналып-жылағансоң...
Кешiр Жаным, алаңсыз қыла алмадым...
«Бақытты қыламын» деп жиi «алдадым»,
Алдайын деп алдаған емеспiн мен,
Бiлмеймiн намыссызбен сия алмадым.
Бiлесiң ғой, дұшпаным жүргiзбедi,
Қақпан құрды, жадыратып күлгiзбедi...
Көлігімді өртетiп айтағына,
Санаулы болды солай күн тiзбегi...
Бiр Алла Сенi менiң еркем еттi,
Дәл өзiмдей Сенi кiм еркелеттi...
Әкең де жоқ мен жоқта еркелетер,
Әттең-ай, ол да өмiрден ерте кеттi...
Әкемiз алтын жүрек адам едi,
Ағайынға ақ ниет, адал едi...
Сендердi уайым ғып, шыдай алмай,
Кенеттен жүрек тоқтап қала бердi...
«Шүкiр» деймін, қасыңда Анаң қалды,
Сонда да жүрегімде алаң бар-ды.
О, Жаным, Құдай саған өмiр берсiн,
Қолыңда екi бiрдей балам қалды...
Алтыным, ұлдарымды жылатпашы,
Еш нәрсе жалындырып, сұратпашы,
Әке бастап, бiз құрған шаңырақты
Шамаң келсе, алтыным, құлатпашы!
Қашанда жылуымды беремiн ғой,
Аман болсам, бiр күнi келемiн ғой,
Алтыным, Сен дегенде жаным құрбан,
Керек болса, Сен үшiн өлемiн ғой!
Өзiңмен өмiрiмнiң сәнi болсын!
Есiмiң жүрегiмнiң әнi болсын!
Пікір қалдыру