Жамбыл облысының Қордай ауданында жылдың төрт мезгілінде өнім беретін жылыжайының жұмысы жандана түсуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Greenwill» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты жаңа технологияның мол мүмкіндіктерін пайдалану арқасында Орталық Азиядағы ең озық агроқұрылымға айналды, деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл агрокешен әзірге облыстағы жыл 12 ай өнім беретін бірден бір жылыжай саналады. 4 гектар аумақта орналасқан жылыжайдан жылына 1200 тонна өнім алынады. Мұндағы өндірістік процес түгелімен жаңа заманауи қондырғыларға иек артады. Жылыжайда тамшылатып суғару жүйесі енгізілген. Бұл жүйе өсімдіктердің тамырына қажетті судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуден бөлек тыңайтқыштың да өсімдік тамырына ұдайы нәр береді. Кешендегі компьютерлік қондырғылар ондағы климаттың өсімдікке қолайы болуын бақылайды. Мұнда қазіргі таңда 20 адам жұмыспен қамтылған ал өнімді жинау науқанында жұмысшылары саны 60 адамға дейін артады.
Серіктестік жетекшісі Арсмане Харки нарықтағы жаңа өскін көкөністерге сұраныстың жоғары екенін алға тартады. Кәсіпкер биыл тағы бір жылыжай кешенін іске қосуды жоспарлап отыр.
–Болашақта жылыжайда қазір өсірілетін қияр мен қызанақтан бөлек бұрыш пен құлпынайды өсіруді қолға аламыз. Құлпынайдың жоғары сапалы оңтүстіккореялық сұрыпын 1 гектарға отырғызып, қыс мезгілінде 50 тонна өнім алуға ниет танытып отырмыз, –дейді Арсмане Харки.
Жалпы жылыжай жұмысының басты ерекшелігі оның аквопоникалық тәсілімен жұмыс жасауында болып отыр. Бұл әдіс озық технологиялар көмегімен бір мезгілде балық пен өсімдікті қатар өсіруге мүмкіндік береді. Жылыжайды жабдықтау жұмыстары Оңтүстік Кореяның «MANN CEA» акваферма компаниясымен жүргізілген. Бүгінде агрокешенде жылына 300 тонна салаттың «Айсберг», «Руккола», «Листовой», «Роблен» сұрыптарыжәне 40 тонна «Тилапия» балығын өндіруді мақсат еткен.
Жақында ғана ауданда ресми іссапармен болған Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Айдарбек Сапаров та бұл кешеннің жұмысын жоғары бағалап, оның республика аумағындағы аквапоникалық тәсілмен өнім беретін тұңғыш жылыжай екендігін баса назар аударды. Алдағы уақытта бұл кешендегі жұмыс жүйесі республиканың басқа өңірлерінде салынатын заманауи жылыжайлардың өндірістік үдерісіне енгізілмек.
Пікір қалдыру