Мемлекет басшысының Жолдауы жүктеген басты міндет – ашықтың принципі екені белгілі. Яғни бұқарамен берік байланыс орнату. Осыған орай Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімі жанынан Жолдау аясында «Азаматтарды қабылдау» яғни «фронт-офисі» ашылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Азаматтарды қабылдау бөлімінің ашылу салтанатына облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов қатысып, ашылғалы отырған бөлімнің маңыздылығын түсіндірді.
Аудан жұртышылығын құттықтай отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында: «Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі» екендігіне назар аудара отырып, полицейлер жұмысының тиімділігін, қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесіне кеңінен тоқталды.
Содан соң аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев сөз сөйлеп: – Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында, бүгін халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша аудандық полицияның заманауи фронт-офисіне жиналып отырмыз.
Бұл фронт-офисте аудан тұрғындары полиция саласына қатысты мәселелерін айтып, қабылданған арыздар бойынша сұрақтары мен өтініштерін арнайы мамандарға жолдай алады. Санаулы уақыттар ішінде шешілуіне мүмкіндік беріледі.
Мұнда отыратын арнайы полиция мамандары азаматтарға түсіндірмелер мен кеңестер беріп, мәселелерін жедел қарайды деген сенімдеміз.
Оны әрине, осы фронт-офис орналасқан полиция бөлімшесінің қызметкерлері, анықтаушылар, тергеушілер және көші-қон қызметі тобының мамандары жедел атқарады.
Осындай қадамдар жасау арқылы, полиция бейнесі мемлекеттік күштік құрылымнан бірте-бірте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады деген ойдамыз.
Ендеше, фронт-офис қызметіне сәттілік тілеймін! Іске сәт,-деді.
Осы саладан зейнеткерлікке шыққан, ардагерлер кеңесінің төрайымы Жұмакүл Шакирова да сөзінде бұл офистің ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, сондай-ақ,аудан әкімінің елеулі көрсеткен қолдауы арқасында осы игілікті істер жүзеге асып, полиция қызметінің халыққа қол жетімділігі арта түсетін болады.
Ең бастысы фронт-офис қызметкерлері халықпен тікелей жұмыс жасағандықтан, олардың өтініштерін қарау мерзімдері қысқарады, полицияның ашықтығы мен қол жетімдігі қамтамасыз етіледі,-дей келе қолдау көрсеткен аудан басшылығына алғысын жеткізді.
Салтанатты шара аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің қатысуымен аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Қапаровтың фронт-офисінің жұмысын таныстыруымен жалғасын тапты.
Пікір қалдыру