Ел Президентінің Жолдауы жер-жерлерде жан-жақты қолдау табуда. Жамбыл облысы Сарысу аудандық орталық кітапханасының «Коворкинг» орталығында кітапхана қызметкерлері арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диолог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын қолдау мақсатында «Ұлы мақсаттарға жетелейтін жолдау» атты дөңгелек үстел отырысы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның келешекте атқарылатын бағдарламалық құжатын жүйелі және айқын іске асыру мақсатында өткен іс-шарада Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры С.Е.Қожаназарова ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың алғашқы жолдауы еліміздің жарқын болашағының кепілі екенін атап өтіп , жетістіктерімізді одан сайын еселей түсетін жолдаудың 10 негізгі бағыттарына тоқталып өтті.
Орталық кітапхана жүйесі директорының орынбасары А.Жолмаханова Жолдаудағы ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату,азаматтық қоғамды қолдау,ішкі істер органдарын реформалау білім сапасын жақсарту,еңбекақы төлемін арттыру басқа да өзекті мәселелер көтергендігін және халықпен тиімді кері байланыс орнату, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық келісімді нығайту бағыттары да халық көңілінен шығып отырғандығына тоқталды.Бөлім меңгерушілері Ж.Мелдебекова, Б.Аубакирова, К.Оспанова, Ж.Ташенова ,Г.Сарманова Жолдауда жер, тіл мәселесі, мемлекеттік сатып алу, Ұлттық қор қаражаты, мұғалімдердің жалақысы тәрізді халықтың көкейінде жүрген көптеген келелі мәселер көтерілгендігін,әсіресе төртінші бағыты бойынша мемлекет басшысының мәдениет саласына ерекше көңіл бөліп оның ішінде кітапханашылар мәртебесі туралы айтылып, кітапханашылар еңбегінің үкімет назарына ілінгеніне ризашылықтарын білдірді.
Қатысушы кітапхана қызметкерлері, ел рухын асқақтатқан тарихи Жолдауда барлығын бірдей мемлекетке арта бермей, ел үшін жауапкершілікті сезіну, тек қана еңбек біздің көсегемізді көгертетіні нақты айтылғандығын, көзделген барлық алға қойған бағыттарын және келесі жылы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуді жүзеге асыруда кітапханашылардың да қосар үлесі зор екендігін айтып бірауыздан қолдау білдірді.
Пікір қалдыру