Русь қоғамынан қазаққа қалғаны - жасанды «жаратушыларға» арнап жаппай жарапазан айту

/uploads/thumbnail/20170708190237424_small.jpg

Русь қоғамының ел болғалы ермек еткен бір қағидаты –  қолдан құдай жасау  технологиясы. Патшалық Ресейдің дінмен не үшін араз болғандығын енді түсінген шығарсыз. Себебі нағыз Құдай тұрғанда жасанды құдайларға сірә да орын жоқ. Діннің  танымдық ( «Таухид» (Аллаға серік қоспаудың)  негізгі мақсұты да осы-тұғын. Арғысы Николай, бергісі Ленин мен Сталиндер де жоғарыдағы перғауындық  технологияның кезекті өнімдері болатын. Енді ойланып көріңіз, «құдай» өзінің нағыз құдай екендігін сезіну  үшін оған құлшылық етуші, дәлірек  айтсақ, тұла  бойымен  тәу етіп табынар тобыр керек. Біздің әлі күнге пайымдай алмаған тоталитарлық  режим табиғатының бар  құпиясы осы  ғана.  Оның патшаға мадақ,  халыққа тамақ (кей кездері  таяқ) атты қос тәсілден тұратын қарапайым ғана механизмі  бар.

Ендігі  әңгіме  әлхамын өз өмірімізге қарай  бұрсақ. БІЗ ОСЫ ЛАҚТЫРҒАН ТАСЫМЫЗДЫҢ  бір  басына  бірнеше несие  (кредит) жүктеген   қазаққа   тиюінен  нендей  тақсіретті   аңғарарып   отырмыз? Алуға жеңіл, айтуға оңай осы бір істің  тақылетімізге түсірген  салмағы жайында бір сәтке  болсын ойланып көрдік пе өзі? Әрине, бұған  бола бас ауыртпайтынымыз тағы да  айдан  анық  қой.  Мүмкін сана сезіміміздің мемлекеттік мазмұнға ұласып,  ұлт пен  ұрпақ хақында ойлай  алмауымыздың  ең  талмау тұсы да осында жатқан болар.

 Әйтеуір бар білетінім, тіршілік қазығына арқандалған жанбағар халықтың  ойлау мен  ой жаңалауға (оқуға)  деген  уақытының жоқтығы.  Халықты мәңгілікке құл етіп санасына шіре, тақымына бұрау салып, тырп еткізбей тұншықтырудың ең ғажайып  тәсілі де осы.  Өкініштісі сол, «ойландырмау» ойынының ойыншығына (қуыршағына) айналған біздерге қалғаны – тек жасанды «жаратушыларға» арнап жаппай жарапазан айту. Осы жолда ҚАСТЕРЛІ ҒЫЛЫМ мен ҚАСИЕТТІ ДІНДІ  де аяусыз бұрмалап, өтпелі саясаттың қолжаулығына айналдырып бақтық. МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ ҒЫЛЫМ МЕН ИМАНҒА БЕЙІМДЕЛМЕЙ, керісінше дін мен ғылымды өздерінің  өлермен пиғылына  қарай  бейімдеді.   Елді  ел  ететін  де  осы  екі  құндылық  еді  ғой.   Енді не болар екенбіз?  Әлде жиырма төрт сағат бойы бір  дамыл  таппастан «дамып жатырмыз» дейтін  теледидардың  айтқанына  сәбидей  сеніп отырсақ  па  екен?..  

   Ықылас Ожайұлы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар