Маңғыстауда жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 172453 азамат кезекте тұр

/image/2019/11/27/crop-117_-2_1700x2267_2.jpg

Бұл туралы Маңғыстау облысы «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңындағы брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов мәлім етті. 2019 жылдың 9 айы бойынша жер учаскесін сауда-саттықта алу негізінде               9 аукцион өткізіліп, 21,706 гектар жер учаскесі 75 млн. теңгеге сатылған.

Қазіргі кезде жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін облыс көлемінде 172453 азамат кезекте тұр. Барлық елді мекендердің бас жоспарлары жасақталған.

Олардың ішінде Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жеке тұрғын үй құрылысы үшін алаңдар қаралмаған,  басқа аудандар бойынша бас жоспарында 26820 учаске қаралған.

Осы учаскелердің 2055-і  қазіргі кезде инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, яғни, 779 учаске газ, су, тоқ, 1003 учаске газ бен тоқ, 45 учаске тоқ пен су, 228 учаске тоқпен қамтамасыз етілген.

24765 учаске инфрақұрылыммен қамтылмаған. Бас жоспарларда қаралған жер учаскелері барлық жер сұраған тізімнің 15% ғана құрайды, егер Ақтау мен Жаңаөзен қаласын есептемегенде, аудандардағы тізімнің 33% құрайды.

Жер пайдаланушылар саны, ауыл шаруашылығында – 3299, соның ішінде шаруа қожалықтары – 2299, елді мекен жерлерінде – 91290, өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де салаларда – 1577, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер – 7, орман қоры жерлері – 2 жер пайдаланушылар тіркелген.

Биылғы жылы басқармаға – 105 өтініш түсіп, жер қойнауын және өзге де жер учаскесін пайдалану үшін Облыстық жер комиссиясының 5 отырысы өткізіліп, барлық өтініштер толығымен қаралып, тиісті шаралары алынған.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысы әкімдігімен жер қойнауын пайдалану үшін жер учаскелерін табыстау жөнінде 30 қаулы, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жерді пайдалану үшін жер учаскелерін тұрақты пайдалану құқығымен беру жөнінде 10 қаулы қабылданды.

Жер қойнауын пайдалану мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасы мен жер пайдаланушылар арасында 84 жеке және заңды тұлғалармен жерді жалға беру туралы шарт жасақталды.

 

Республика тарапынан жүргізілген ауыл шаруашылығы алқаптарына түгендеу барысында 759,2 мың гектар пайдаланылмаған жерлері анықталып, оның 709,3 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған болатын. Қазіргі кезде осы қайтарылған жерлердің 546,8 мың гектар жері қайтадан айналымға енгізілді.

 

Соңғы жылдары, Басқарма бастамасымен ауыл шаруашылығы жерлеріне түгендеу жүргізіліп, аудандардағы пайдаланусыз жатқан 3 млн гектардан аса жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мысалға, 2009 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер көлемі 8 млн. 511,2 мың гектарды құраса, қазіргі кездежер учаскесінің көлемі 3 млн. 173,1 мың гектарға азайып, 5 млн. 338,1 мың гектарды құрайды. Осылардың себебінен босалқы жердің көлемі 3 млн. 073,5 мыңға өсіп,  мемлекеттік қордағы жерлер көлемі 9503,3 мың гектарды құрап отыр.

 

      Қазіргі кезде 2019 жылдың 9 айы бойынша облыс аумағында барлауға және өндіруге арналған 242 келісімшарт тіркеліп, 8 – лицензия рәсімделген.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар