Коронавирус. Елордада 6 адам тексеріліп жатыр

/image/2020/01/30/crop-80_7_463x617_138794.jpg

Елордалық туберкулезге қарсы диспансердің базасында коронавирусты жұқтырды деп күдіктенген науқастарды тексеру үшін 150 орынға арналған инфекциялық бөлімше дайын, деп хабарлайды 24.kz .

Мекеме қаладан тыс жерде орналасқан. Онда алты адам тексеріліп жатыр.

Науқастарды госпитализациялауға 10 жедел жәрдем бөлінді. Орталық басшылығы оларды барлық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеміз деп отыр.

Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепкенің сөзінше, бұл бөлімнің ерекшелігі - оқшауланған желдету бар. Және кіріп-шығатын есіктерден басқа науқастар жүрмейді. Науқастарды жеке-жеке қабылдайтындай жағдай жасалған. Барлық бөлмелер оқшауланған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар