73 метр сырмақ иесі - Алматы облысының әкімдігі

/uploads/thumbnail/20170708151032782_small.jpg

Әз аналарымыз тіккен 73 метр қарала сырмақ әкім-қаралардың назарына ілігіпті. Кеше Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов, Текелі қаласының әкімі Талғат  Қайнарбеков бастаған топ шеберлердің шаңырағына бас сұғып, ризашылықтарын білдіріпті. Сырмақ иесі Зада Жұманқызынан білуімізше, ақ жағалылар қазақтың қасиетті өнеріне бас иіп, мұндай жетістікті Алматы облысының мақтанышы ретінде облыс  басшысы Анзар Мұсахановқа жеткізетіндіктерін айтқан. «Ала қаласа, ел ағаларымен бірге Елбасына сыйлайтын болдық» деп қуанып отыр.

Бәсе, ел деген осындай болса керек еді... Әйтеуір күш-қайраттарын аямай, көз майын тауысқан аналардың еңбегі еленіп, дұрыс бағаланса болғаны. Бұл ұлт қолөнерінің жеңісі. Ел астанасы мен Ел басшысына әлемде жоқ сырмақ сыйлаған шеберлердің еңбегі қандай мараптақа да лайық!  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар