Қазақстанда 7 адам коронавирустың ауыр формасын жұқтырған. Бұл туралы Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтты.
"Біз оларды мұқият қадағалап отырмыз. Сондай-ақ осы 7 адаммен жақын қарым-қатынас жасаған 109 адамды және байланыс жасауы ықтимал 539 адамды тіркеуге алдық. Бірақ олармен байланыста болғандардың ішінде ешкім инфекция жұқтырмаған", - деді Айзат Молдағасымова.
Пікір қалдыру