Қазақстандағы 28 дәрігер коронавирус жұқтырған

/image/2020/04/03/crop-7_7_381x509_52600577_303.jpg

Қазақстанда 28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

"Медицина қызметкерлерінің сырқаттануына қатысты да көптеген сұрақ қойылады. Біз бұл фактіні жасырмаймыз. Карантиндік нысандарда жұмыс істеп вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің арасында 28 адам бар", - деді министр онлайн брифингте.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында – 22 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 20 адам, Жамбыл облысында – 6 адам, Шымкент қаласында – 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 3 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 18 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 26 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 16 адам, жалпы 453 науқас тіркелді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар