Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың бірге әнұран орындауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы президент өзінің twitter парақшасына жазды.
"Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты Бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. Елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының әнұранымызды бірге орындауы – Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық", - деп жазды Тоқаев.
Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты Бәріміз Бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) April 3, 2020
Пікір қалдыру