«Туған жерге тағзым» атты республикалық акция аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды – Маңғыстау облысы

/uploads/thumbnail/20170708192038183_small.jpg

Облыс бойынша жеке кәсіпкерлер білім беру ұйымдарына қаржылай көмек көрсетіп, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып беруде. Балабақшаларға көмек көрсеткен жеке кәсіпкерлер: Юсупова Гулнара, Үмбетов С., Көшбаев Есет Дүйсенұлы, Елемесов Бердібек Көшербайұлы, Дүйсенбаев Мақсат Жауынбайұлы, Карибаев Бәкір,Төлеубаев Баянғали, Жетеков Таңат, Сүйеуов Саламат, Әлиев Алшағыр, Сарыева Рухия, Базарбаев Жасан, Амирбеков Талғат, Джанкасимов Хамит, Қарамурзаев Тұрарбек. Аталған кәсіпкерлер облыстағы балабақшаларға

музыкалық аппараттар, жиһаздар, костюмдер, ойыншықтар, тұрмыстық техникалар, оқу іс-әрекетіне қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға қаржылай көмектесті. 

       Осындай игі істер жалпы білім беру ұйымдарында да жүргізілуде. Қарақия ауданының жеке кәсіпкері Туйелбаев Орын 2015 жылы «Береке» сауықтыру лагеріне 15 бала, 2 жетекшіге жолдама алып берді.

      Мұнайлы ауданының №3 арнайы мектебіне 2014 жылы «Мектепке жол» акциясы аясында жеке кәсіпкер Арман460 000 теңге көлемінде көмек берді.

      Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосы № 1 орта мектептің 1984, 1993 жылы бітірген түлектері  мектепке  1 видепроектор, 5 оқушыға футбол ойынына арналған форма, 2 футбол добын, 7 домбыра, 1 телевизор, принтер т.с.с. мектепке қажетті жабдықтар(құны 390 мың теңге)алып берді. Қызылтөбе селосындағы № 2 орта мектептің 1985 ж. түлектері мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызып көгалдандыру жұмыстарын атқарды, сондай-ақ телевизор, принтер сыйға тартты(жұмсалған қаржы  200 мың теңге).

    Жеке кәсіпкер Улдай Тлеумағамбетов  Маңғыстау селосы №11орта мектебінің 50 оқушысын 200 мың теңге тұратын оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

      Бейнеу ауданы Ә.Махутов атындағы мектептің түлегі жеке кәсіпкер Қайрат Изжанов өз мектебіне 250 000 теңге тұратын музыкалық аппаратура сыйлады. Оразбаев Еркінбек әлеуметтік аз қамтылған 16 оқушыға 640000 теңгеге жазғы сауықтыру лагеріне жолдама тарту етті. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Жәуперов Мұрат Есет мектеп-балабақша кешеніне жеңіл жөндеу жұмысына 100000 теңге көлемінде қаржы бөлді.

     Түпқараған ауданының жеке кәсіпкерлері Ж.Шалмағанбетов,  Назира Мейірман «Мектепке жол» акциясы аясында Е.Өмірбаев атындағы орта мектептің аз қамтылған отбасы балаларына 140 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Сондай-ақ жеке кәсіпкер Болатбек  Тілектес 720 000 теңге тұратын 1 интерактивті тақта, 10 ноутбук сыйға тартты.

      Алдағы уақытта аталған шара  «Мектепке жол» акциясы аясында жалғасын табатын болады.

    Осы орайда білім басқармасының www.tulekter.kz сайты ашылып ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты Мақалалар