Ақтауда қылмыстық іс өзара татуласу туралы келісім шартқа келгендіктен қысқартылды

/uploads/thumbnail/20170708192052293_small.jpg

Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық сотымен сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталған.

Сотталушы Т. 18 маусым 2015 жылы Ақтау қаласы 5 шағын аудан 40 үйдің 31 пәтерінде бола тұра,   қасақана, пайдақорлық ниетпен бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, «Самсунг Айпад Эйпл» маркалы планшетті жымқырған.

Нәтижесінде қылмыстық әрекетімен жәбірленуші К-ге 155 000 теңгеге материалық шығын келтірген.

Тараптардың бітімгершілікке келуі Маңғыстау облысының кәсіби медиатордың қатысуымен жасақталып, сот талқылауында жәбірленуші сотталушымен «Өзара татуласу туралы келісім шартқа» отырғандығын,  медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, сотталушыға қоятын талап тілегінің жоқтығын білдірген.

 Ақтау қалалық сотының қаулысымен  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының  1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық әрекет жасаған Т. медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде жауапкершіліктен босатылып, іс өндірісі қысқартылды.

Қайнар: 

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі

Қатысты Мақалалар