Майк Помпео: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына балама ұйым қарастырамыз

/image/2020/04/25/crop-3_-1_354x587_mike-pompeo-1273670.jpeg

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ақ Үйдің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) балама орган құруды қарастыру мүмкіндікін айтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі Daily Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Fox News радиосына берген сұхбаты кезінде ДДСҰ-ны басқа ұйыммен ауыстыру мүмкіндігі туралы сұрақ қойылғанда ол: "Біз дәл осы мәселені қарастырамыз" деп жауап берді.

— Егер институт дұрыс жұмыс істесе, Америка Құрама Штаттары әрқашан оған жетекшілік етеді және оның қатысушысы болады...Олай істемесе, іс жүзінде қажетті нәтижелерге қол жеткізе алмаған кезде, біз әлемдегі басқа серіктестермен қажетті мақсаттарға жеткізетін құрылым, форма, басқару моделін жасап жұмыс істейтін боламыз,- деді ол. 

Айта кетейік, жақында АҚШ "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігін жақтайды және Бейжіңнің жалған ақпараттарын қолдайды" деп айыптап, ұйымды қаржыландыруды тоқтатқан болатын. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар