Франция президенті Еуроодаққа ультиматум жариялады

/image/2020/04/25/crop-0_7_342x590_eu-coronavirus-latest-1273663.jpeg

Франция президенті Эммануэль Макрон коронавирустың кесірінен Еуроодақ «құлдырауы» мүмкін екенін ескертіп, ЕО елдеріне ультиматум жариялады. Оның сөзінше,  «бүкіл Еуропа құлайды». Бұл туралы Қамшы тілшісі The Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Француз президенті  Еуроодақтың солтүстік Еуропадағы мүшелеріне оңтүстіктегі елдерге көмек көрсету керектігін айтты, олай болмағанда, біртұтас нарықты жоғалтып алу қаупі болатынын ескертіп, ультиматум жариялады.

ЕО елдері арасындағы көмек келісімі бойынша, коронавирутық көмек қарыз түрінде болады және оны қайтару керек. Алайда The Telegraph басылымының хабарлауынша, Германия канцлері Ангела Меркель ақша беруден бас тартқан. Ал, Макрон "егер сіз Еуропаның бір бөлігінің құлауына жол берсеңіз, бүкіл Еуропа құлайды" деп ескертті.

Франция президентінің сөзіне қарағанда, егер солтүстік республикалар оңтүстіктен тек "пайда табуды" ғана ойласа, онда бірыңғай нарықтан айырылып қалу қаупі бар. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар