Маңғыстау облысында 14.07.2015ж. күні ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Альтайыр Ахметов Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуын түсіндіру мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған облыстық мектеп – интернатының базасында білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, салаға қатысты Ұлт жоспарының 76,77,78,79 тармақтары туралы нақты түсінік берді. Сонымен қатар педагогтармен пікірлесіп, ұсыныстарын тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді.Кездесуге облыстың білім беру ұйымдарынан 150 адам қатысты.
Білім беру ұйымдарында 12 жылдық білім беруді кезең- кезеңімен енгізу, осы орайда республикада 30 пилоттық мектепте орта білім мазмұнын жаңарту экспериментке қатысатын педагогтардың еңбекақысын қосымша қажетті қаражат бөлуді қарастыру, материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстарын жалғастыру туралы жұмыстар ұйымдастыруды нақтылады.
Функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту, мұғалімдерді біліктілік курстардан өткізу, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту бағытында жұмыстар жүргізу тапсырылды.Сонымен қатар жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құра отырып, басқарушылық дербестігін, білім беру ұйымдары қызметін өзі бағалауды жүзеге асыруды, жоғары сыныптарда сабақты ағылшын тілінде жүргізуге көшу туралы жұмыстар ұйымдастыру керектігі туралы айтып өтті.
Мемлекеттік - жекеменшік серіктестік арқылы мектепке білім беру ұйымдарының желісін дамыту бағытында кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар Ақтау қаласындағы «№ 4 мектепке дейінгі білім беру ұйымы» мен «Отбасылық үлгідегі балалар ауылының» жағдайымен танысты.